Валюта болжамы: 19 қазан – 23 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
429,333

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.10.2020
426-432
ГК «ФИНАМ»
17.10.2020
428-432
Forex Club
17.10.2020
428-430
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,600

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.10.2020
5,40-5,65
ГК «ФИНАМ»
17.10.2020
5,4-5,65
Forex Club
17.10.2020
5,5-6
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
501,833

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.10.2020
500-506
ГК «ФИНАМ»
17.10.2020
500-505
Forex Club
17.10.2020
499-501
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
63,950

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.10.2020
63-65
ГК «ФИНАМ»
17.10.2020
63,7-64,3
Forex Club
17.10.2020
63,7-64

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.

19 қазан – 23 қазан

 

(12 қазан – 16 қазан)

 

 

Теңге өткен аптада әлсіреді. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылардың пікірінше, мұндай динамика алдағы уақытта да байқалуы мүмкін. Індеттің екінші толқынының таралуы кезінде инвесторлардың тәуекелге деген қызығушылығының төмендеуі валютаның әлсіреуіне себеп болады. Сонымен қатар теңге бағамына мұнай бағасы да әдеттегідей әсер етпек. Сарапшылар Қазақстандағы карантиндік режимнің күшейтілуі мен Ұлттық банктің интервенциясын сөз етті. Олардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитігі: ​
19 қазан – 23 қазан

Жаһандық инвесторлардың тәуекелге деген қызығушылығының төмендеуі салдарынан теңгеге қысым көрсетілуі мүмкін. Бірқатар елде індеттің екінші толқыны басталып, шектеулер күшейтіліп жатыр. Карантин шаралары қаншалықты қатаң болса, экономикаға соншалықты ауыртпалық түседі. Қазіргі таңда теңге мен рубль қиын кезеңді бастан кешіріп отыр.

Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 426-432 теңге, бір еуро 500-506 теңге, бір юань 63-65 теңге, бір рубль 5,40-5,65 теңге болады. 

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
19 қазан – 23 қазан

Қазақстандық қор нарығындағы сауда қорытындысы бойынша теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Ұлттық валютамызға мұнайдың арзандауы кері әсерін тигізіп отыр. АҚШ пен Еуропада коронавирус жұқтырғандар қатары өсіп жатыр, сондықтан жанармайға деген сұраныс төмендеп барады. Нарықтағылардың ойынша, ОПЕК+ елдерінің өндірісті қысқарту туралы келісімі жағдайды реттеу үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.

Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 428-430 теңге, бір еуро 499-501 теңге, бір рубль 5,5-6 теңге, бір юань 63,7-64 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

Анна Зайцева, «Финам» КТ сарапшысы: 
19 қазан – 23 қазан

Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған әкеліп соққан негізгі фактор – әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы салдарынан инвесторлардың тәуекелге деген қызығушылығының төмендеуі. Жалпы, Қазақстанда індетті жұқтырғандар саны айтарлықтай өсе қойған жоқ, бірқалыпты. Бірақ Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік режим күшейтіле бастады. Сонымен қатар мұнайға деген сұраныс азаяды деген болжамдардан кейін, шикізат бағасы құбылып, бұл фактор қазақстандық валютаға кері әсерін тигізді. Дегенмен Ұлттық банктің валюта нарығындағы интервенциясы құбылмалылықты азайтып, теңге бағамын тұрақтандырды. Алдағы уақытта теңге динамикасына әлемдегі эпидемилогиялық жағдай мен мұнай құны, АҚШ-тағы президент сайлауы да әсер етеді. 

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 428-432 теңге, бір еуро 500-505 теңге, бір юань 63,7-64,3 теңге, бір рубль 5,4-5,65 теңге көлемінде саудаланады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу