Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.4.2019 |
378,50-381,00 |
ГК «ФИНАМ»
27.4.2019 |
379-383 |
Астана-Инвест
27.4.2019 |
375-380 |
IFC Markets
27.4.2019 |
376-384 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.4.2019 |
5,87-5,95 |
ГК «ФИНАМ»
27.4.2019 |
5,7-6 |
Астана-Инвест
27.4.2019 |
5,8-5,9 |
IFC Markets
27.4.2019 |
5,81-5,96 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.4.2019 |
422,00-425,50 |
ГК «ФИНАМ»
27.4.2019 |
423-427 |
Астана-Инвест
27.4.2019 |
420-430 |
IFC Markets
27.4.2019 |
420-431 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.4.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
27.4.2019 |
|
Астана-Инвест
27.4.2019 |
|
IFC Markets
27.4.2019 |
Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (29 сәуір – 1 мамыр).
Алдағы аптада теңге бағамын қалыптастыруға әдеттегідей АҚШ долларының индексі мен энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай әсер ететін болады. Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар тап осы триггерлерге басымдық беріп отыр. Доллардың әлемдік барлық валютаға қатысты бағамы нығайғанын «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ және «Альпари», IFC Markets сарапшылары өз болжамдарында атап кетті. Оның ішінде «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ сарапшысы мұны оң макростатистиканың пайда болуымен түсіндірді. Сонымен қатар «ФИНАМ» компаниялар тобы АҚШ-тағы бірінші тоқсандағы ІЖӨ жөніндегі мәліметке мән берді.
Шикізат нарығындағы жағдайды барлық сарапшы сөз етті. Сарапшылар жоғарыда аталған триггерлерден бөлек, доллардың нығаюынан Ресей рублінің әлсіреуіне («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) және Fitch Ratings рейтинг агенттігінің 2020 жылға қарай Қазақстанда ІЖӨ-нің өсуі 3,2 пайызға дейін төмендейді деген болжамына (IFC Markets) ерекше назар аударған.
Сарапшылардың толық пікірін Іnbusiness.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:
Сәуір айының соңында теңге үшін шикізат нарығындағы жағдай мен АҚШ долларының беталысы ерекше әсер ететін болады. Бұл ретте президенттік сайлау алды науқаны Қазақстанның ұлттық валютасына еш әсер етпейді.
Егер мұнай бағасы ирандық геосаяси фактордағы раллиін жалғастыратын болса, онда теңгенің шетелдік валюталарға қатысты бағамы нығаятыны анық.
Алдағы аптала АҚШ доллары 378,50-381,00 теңге шамасында қалуы мүмкін. Еуро үшін 422,00-425,50 теңге, рубль үшін 5,87-5,95 теңге маңызды болады.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Жыл басынан бері S&P 500 индексі шамамен 17 пайызға артты және ол тарихи максимумдарына жақындаған кезде қор индикаторлары аздап түзетілген болатын. АҚШ-тың экономика жайлы жақсы мәліметтерінен қолдау көріп отырған және компаниялардың маусымдық есебінен айналымға шыққан нарықтар «өлместің күнін кешуде». Егер сәуір айының басында сарапшылар S&P 500 индекс құрамына кіретін компаниялардың пайдасы 2,3 пайызға төмендейді деген болса, кейін ірі корпорациялардың қаржылық көрсеткіштерін жариялауына қарай болжам 1,1 пайызға дейін өзгерді.
Жұма күні инвесторлар мұхиттың арғы бетіндегі биржа индекстерінің қозғалыс бағытын одан әрі анықтайтын АҚШ ІЖӨ-сі бойынша бірінші тоқсан мәліметтерінің жариялануын күтті.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,7-6 теңге, долларға қатысты бағамы 379-383 теңге және еуроға қатысты бағамы 423-427 теңге болады деп болжап отырмыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Құрамына негізгі әлемдік валюталар кіретін доллар индексі оң макростатистиканың жариялануынан өсуде. Бұл жағдай рубльге қысым болып отыр. Оның салдары теңгеге әсер етіп, бір доллар 380 теңге жуық шамада саудалануда.
Рубльдің әлсіреуі уақытша ғана деп есептеймін. Алдағы уақытта бір доллар 64,5-66,0 рубль шамасында саудаланатын болады деп ойлаймын.
Менің алдағы аптаға ұсынып отырған болжамым: бір рубль 5,78-5,9 теңге, бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 420-430 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 71-73 доллар, биткойн 5 000 – 5 300 доллар.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық теңгенің еуроға қатысты бағамы еш өзгермеді. Ал ресей рубліне қатысты бағамы нығайды, америка долларына шаққандағы бағамы әлсіреу көрсетті. Динамиканың әркелкі өрілуіне мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі мен АҚШ долларының барлық әлемдік валютаға қатысты бағамының нығаюы себеп болды.
Өткен аптада доллар индексінің максимумы 2017 жылдың мамырынан бері бірінші рет жаңарды. Осыған орай еуроның оған қатысты бағамы да түсті. Әлемдік нарықтағы бірыңғай валютаның әлсіреуі Brent маркалы мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, теңгенің еуроға қатысты бағамының тұрақты болуына әкелді. Бейсенбі күні мұнайдың бір баррелі 75 доллар шамасына жетті. Жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп ОПЕК-тен мұнай өндіруді арттыруды талап етті. Содан кейін Brent бағасы бір баррель үшін 70-71 доллар шамасына қайта келді. Мұнай котировкасының төмендеуі теңгеге кері әсер етті.
Бұған қоса инвесторлар Fitch Ratings рейтинг агенттігінің Қазақстан ІЖӨ-сінің өсуі 2018 жылғы 4,1 пайызға қарағанда 2020 жылға қарай 3,2 пайызға дейін баяулайды деген болжамына мән берген болу керек. Агенттік инфляция 2020 жылға қарай 4,5 пайызға дейін төмендейді деп отыр. Бұл Ұлттық банктің алдағы уақытта мөлшерлемені одан әрі төмендетуі мүмкін екенін көрсетеді.
Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,81-5,96 теңге, бір доллар үшін 376-384 теңге, бір еуро үшін 420-431 теңге болады деп болжап отырмыз.