Валюта болжамы: 3 маусым – 7 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
381,375

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.6.2019
375-384
ГК «ФИНАМ»
01.6.2019
379-383
Астана-Инвест
01.6.2019
380-385
DAMU Capital Management
01.6.2019
380-382
Forex Club
01.6.2019
382-383,5
IFC Markets
01.6.2019
378-385
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,874

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.6.2019
5,81-5,95
ГК «ФИНАМ»
01.6.2019
5,7-6,0
Астана-Инвест
01.6.2019
5,8-5,9
DAMU Capital Management
01.6.2019
5,8
Forex Club
01.6.2019
5,5-6,5
IFC Markets
01.6.2019
5,8-5,93
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
426,000

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.6.2019
421-427
ГК «ФИНАМ»
01.6.2019
423-427
Астана-Инвест
01.6.2019
425-435
DAMU Capital Management
01.6.2019
423-425
Forex Club
01.6.2019
426-427
IFC Markets
01.6.2019
422-431
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.6.2019
ГК «ФИНАМ»
01.6.2019
Астана-Инвест
01.6.2019
DAMU Capital Management
01.6.2019
Forex Club
01.6.2019
IFC Markets
01.6.2019

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (3 маусым – 7 маусым). ​

3 маусым – 7 маусым

 

     27-31 мамырға арналған валюта болжамы

 

 

Көктемнің соңғы айын қорытындылаған inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар бірқатар сыртқы факторға баса мән берді. Оның ішінде, сарапшылар АҚШ-тың басқа елдермен өзара шиеленіскен сауда қатынасына тоқталды. «ФИНАМ», «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, «DAMU Capital Management» ЖШС, Forex Club және IFC Markets компанияларының сарапшылары Қытаймен арадағы сауда соғысынан басқа Мексикаға қатысты жағдайдың ушығып бара жатқанын атап кетті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға тікелей әсер етті. Жағдайдың ушығуы мұнай бағасына түсіріп жібергені жайлы «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ және Forex Club сарапшылары айтты. Ал «ФИНАМ» компаниялар тобы сарапшысы мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ энергетика министрлігінің мұнай қоры туралы жағымсыз мәліметі де әсер етті деп отыр. Сондай-ақ  «DAMU Capital Management» ЖШС сарапшысы  маусым айының басында ОПЕК форматында кездесу өтетінін еске салып кетті.

Мұнай бағасының төмендегені рубль бағамына әсер етпей қоймады. Мұны «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, «DAMU Capital Management» ЖШС, Forex Club сарапшылары сөз етті. Алдағы аптада теңге бағамын қалыптастыруға әсер ететін басқа факторлар ішінен президенттік сайлауға дайындық, инвесторлардың тәуекелге деген көзқарасы, ҚР Ұлттық банкінің интервенция жасауы және реттеушінің мөлшерлемені шамалы төмендетуі мүмкін екендігі айтылды.

 Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:

3 маусым – 7 маусым Алдағы ай теңге үшін қызыққа толы болуы мүмкін. 9 маусым күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Сайлауалдындағы дарыс тыныш, еш үргін-сүргінсіз өтті. Енді халық шешім қабылдау керек. Берілген дауыс пен ел президент хабарлаған кезде теңгенің белсенді қозғалыста болатыны түсінікті. Алайда егеде құбылмалық ауқымы жоғары болатын болса, онда валюталар саудасына Ұлттық банк араласады деп ойлаймын.

Маусым айында доллар 375-384 теңге, еуро 421-427 теңге, рубль 5,81-5,95 теңге шамасында нығаюы мүмкін.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

3 маусым – 7 маусым Экономикалық тұрғыдан ең ірі екі алпауыттың сауда соғысы алаңында жағымды жаңалықтың болмауынан, жаһандық қаржы нарықтарында шиеленіс күшейіп барады.  Америка нарығында акциялардың көтерілгенінен қарамастан, бейсенбі күні, инвесторлар тәуекелді қысқартып, іскери қағаздарға қарай көшті. Осылайша, 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі 2,22%-ға төрт базистік көрсеткішке дейін төмендеді, бұл соңғы 20 айдағы ең төмен көрсеткіш. S&P 500 индексі әзірше күндізгі 200-дік көрсеткіштен жоғары болып тұр, бірақ та аталған рубеж құлдырайтын болса, онда индекс көрсеткіші шамамен 200-ге төмендеуі мүмкін.

Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 4,41%-ға төмендеп, сауданы 66,65 доллар шамасында жапты.

Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысының жаңа орамы мұнай құбылмалығына себеп болды. Бейсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ энергетика министрілігінің мұнай қоры жайлы жағымсыз мәліметі негіз болды.

Тап қазіргі жағдайда мұнай бағасының динамикасы теңіздің арғы бетіндегі биржалардағы оқиғаның дамуына тәуелді болады.

Алдағы аптада теңгенің негізгі үші валютаға қатысты бағамы  бір рубль  үшін 5,7-6,0 теңге, доллар 379-383 теңге, еуро 423-427 теңге болады.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

3 маусым – 7 маусым АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының ушығуы мұнай бағасын түсірді, соның артынша рубль бағамы да төмендеп, ол теңгеге әсер етті. Қытай мен АҚШ бір келісімге келетінге ұқсамайды. АҚШ-тың сауда кедергілеріне қатысты ұстанымы айтарлықтай күшті болып отыр.

Алдағы аптада рубль бағамы төмендеуі мүмкін, оның артынша теңгенің де түсетіні анық. Алайда теңге бағамына Ұлттық банк араласуы мүмкін.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 65-67 рубль , бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір доллар 380-385 теңге, бір еуро 425-435 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 62-65 доллар деп болжам жасап отырмын.

 

 

 

Мұрат Қастаев,  «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

3 маусым – 7 маусым Өткен аптада мұнай бағасының 66-67 долларға дейін төмендегеніне куә болды. Осының нәтижесінде теңге мен ресейлік рубль төмендеді.

Әлемдік инвесторлардың басты назарында бұрынғыша АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы болып отыр.

Мұнайға қатысты жаңалықтар ішінде ОПЕК форматында өтетін кездесу болып отыр.

Өткендегі болжамымызда айтып кеткеніміздей, осы аптада теңге бағамы 380-нен382 теңгеге көтерілді. Апта басында теңге бағамы 382  болып, апта соңына қарай 380-ге түседі деп отырмыз. сондықтан теңге бағамы 380-382 теңге болады.

Теңгенің еуроға шаққандағы бағамы 427 теңге болды, алдағы аптада 423-425 теңге болуы мүмкін.

Мұнай бағасының төмендегені рубльге қатты әсер еткенін ескере отырып, алдағы аптада оның төмендеуі 5,8 теңге болады деп отырмыз.

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скоуты:

3 маусым – 7 маусым Теңге бағамы мұнай мен рубльдің артынша төмендеуін жалғастыратын болады.

Теңгенің долларға қатысты бағамы өткен аптада 382,5 теңге шамасына дейін түсті. Еуро мен рубльге қатысты бағамы да төмендеді.

Апта бойы теңге бағамы мұнай мен рубль бағамына тәуелді болды. Теңге үшін әсересе жұма ауыр күн болды. Өйткені оның еуроға қатысты бағамы 50 тиынға, ал долларға қатысты бағамы 40 теңгеге арзандады. Оған Дональд Трамптың Мексикадан импортталатын тауарларға 5% баж салығын енгізуі себеп болды. Инвесторлар АҚШ-тың басқа елдермен сауда проблемалары америкалық экономиканың құлдырауына және әлемдік ІЖӨ-нің өсуі қарқынының төмендеуіне әкеледі деп қорқады. Ал мұнайға деген сұранысты төмендетеді.

Алдағы аптада теңге үшін ауыр болатынға ұқсайды. Өйткені әлемдегі геосаяси жағдай енді ғана күшейп басталып келеді, ал бұл мұнай мен рубль бағамына әсер етпей қоймайды. Қазақстандық валюта үшін Еуроодақ төрағасы Дональлд Тусктің Қазақстан орталық азия өңірінде Еуроодақ үшін басты серіктес деген мәлімдемесі жақсы жаңалық болды. ЕО-мен байланыстың нығаюы жағымды фактор, Қазақстан валютасының төмендеуін баяулатуы мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы 382-383,5 теңге, еуро 426-427, ал рубль 5,5-6,5 теңге болады.

 

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:

3 маусым – 7 маусым Brent маркалы мұнай бағасы екінші апта қатарынан төмендеуде. Оның бағасы осы уақыт ішінде 8%-ға төмендеді, ал оның мұнай өндіруші елдер валютасына әсер етпей қоймайтыны белгілі. Соның ішінде Қазақстан да бар. Теңгенің доллар, еуро және рубльге қатысты бағамы шамалы нығайды.

Сондай-ақ ресейлік валютаға да мұнай котировкасының төмендегені әсер етуде. Америкалық мұнай жарты жыл ішінде бір айлық төмендеуді көрсетті. Оған жаһандық экономиканың даму қарқынының баяулауына тәуекелдердің болуы және ЕО-да, басқа да батыс елдерде, Қытайда әлсіз статистика болуы себеп.

АҚШ сауда соғысының географиясын кеңейтіп, тек Қытайға ғана емес, Мексикаға да импорттық баж салығын өсіретінін айтып қорқыта бастады.

Сонымен қатар Саудия АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясынан азайып бара жатқан ирандық мұнайды жеткізудің орынын толтыра алмайтыны туралы хабарлама пайда болды.

Ел ішіндегі тәуекелдерден 3 маусым күнгі отырыста Ұлттық банктің мөлшерлемені төмендетуі мүмкін екенін атап кету керек.

Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 5,8-5,93 теңге, доллар үшін 378-385 теңге, еуро 422-431 теңге болады деп отырмыз.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу