Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
SoftLink
27.5.2022 |
423-443 |
DAMU Capital Management
27.5.2022 |
435-440 |
Альпари
27.5.2022 |
405-425 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
SoftLink
27.5.2022 |
6,1-6,8 |
DAMU Capital Management
27.5.2022 |
6,0-6,3 |
Альпари
27.5.2022 |
6,85-7,20 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
SoftLink
27.5.2022 |
446-475 |
DAMU Capital Management
27.5.2022 |
465-475 |
Альпари
27.5.2022 |
435-455 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
SoftLink
27.5.2022 |
63,7-66 |
DAMU Capital Management
27.5.2022 |
55,0-55,5 |
Альпари
27.5.2022 |
61-64 |
Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (30 мамыр-3 маусым).
Жаз қарсаңында теңге бағамы макроэкономикалық факторлардың әсерінен қалыптасады. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар АҚШ долларының өсуін, РФ Орталық банкінің мөлшерлемені күрт көтеруі салдарынан рубльдың әлсіреуін, мұнай бағасын, Украинадағы жағдайды, инфляцияның өсуін және маймыл шешегінің өршуін сөз етті. Ішкі триггерлер туралы айтатын болсақ, олар мемлекеттік бюджет пен инфляцияның өсуі болжамындағы теңгенің орташа бағамының қайта қаралуына тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:
Өткен аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Мұндай динамикаға Ресей Федерациясының Орталық банкі қабылдаған шаралардан кейін рубльдің әлсіреуі ықпал етті.
Реттеуші мөлшерлемені 14%-дан 11%-ға дейін төмендетіп, экспорттаушылардың валюталық кірістерінің сатылымын 80%-дан 50%-ға дейін қысқартты. Сонымен қатар ресейлік экспорттаушыларға валютаны 120 күн ішінде сатуға рұқсат берді.
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров теңгенің қазіргі бағамы "шынайы" деп мәлімдеді. Теориялық тұрғыдан алғанда, валюта бағамының сәл әлсіреуі ҚР Сенатында "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының" кешенді жоспарын талқылаумен байланысты болуы мүмкін. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, 1,1 млн-нан астам жұмысшының жалақысын көтеру көзделіп отыр, оның 850 мыңын бюджеттік сала қызметкерлері құрайды. Мысалы, 2021 жылмен салыстырғанда 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін, орташа медициналық қызметкерлердің жалақысы 173,5 мыңнан 250 мың теңгеге дейін өседі. Ауқымды инвестициялар есебінен 2025 жылға қарай 2 млн жұмыс орнын құру жоспарлануда. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 423-443 теңге, бір еуро 446-475 теңге, бір рубль 6,1-6,8 теңге, бір юань 63,7-66 теңге болуы мүмкін.
Мұрат Қастаев, "DAMU Capital Management" ЖШС Бас директоры:
Мұнай бағасының динамикасы қуантуда. Бір апта ішінде Brent баррелінің бағасы 111 доллардан 119 долларға дейін өсті. Бұл фактор қазақстандық валюта үшін өте қолайлы болып табылады. АҚШ долларының индексі де максимумнан алшақтауын жалғастыруда.
Қазір инвесторларды Ресей мен Украина арасындағы соғыс, өсіп жатқан инфляция, сонымен қатар Африка, Таяу Шығыс елдерінде маймыл шешегінің өршуі алаңдатып отыр.
Еуропалық одақ Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың алтыншы пакетін әлі мақұлдамады, бұл мұнай, газ нарықтарына және бірыңғай еуропалық валюта бағамына қатысты белгісіздік тудырып отыр. Қазақстанда инфляция өсуде, алайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құны бір аптада нәбәрі 0,1%-ды қымбаттады: елдегі инфляция максимумға жеткен болуы керек. Қазір жылдық инфляция 14% деңгейінде, яғни базалық мөлшерлемеге тең, сондықтан теңгелік активтердің нақты табыстылығы нөлдік деңгейде тұр. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 435-440 теңге, бір еуро 465-475 теңге, бір рубль 6-6,3 теңге, бір юань 55,0-55,5 теңге шамасында болады.