Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
03.7.2022 |
460-480 |
Forex Club
03.7.2022 |
430-490 |
DAMU Capital Management
03.7.2022 |
450-460 |
ГК «ФИНАМ»
03.7.2022 |
460–470 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
03.7.2022 |
8,65-9,15 |
Forex Club
03.7.2022 |
7,5-9 |
DAMU Capital Management
03.7.2022 |
8-8,5 |
ГК «ФИНАМ»
03.7.2022 |
8,30–8,75 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
03.7.2022 |
470-500 |
Forex Club
03.7.2022 |
460-500 |
DAMU Capital Management
03.7.2022 |
480-490 |
ГК «ФИНАМ»
03.7.2022 |
480-490 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
03.7.2022 |
68-72 |
Forex Club
03.7.2022 |
63-73 |
DAMU Capital Management
03.7.2022 |
70-75 |
ГК «ФИНАМ»
03.7.2022 |
69,70-70,10 |
Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (4шілде - 8 шілде)
27 маусым-1 шілдеге арналған валюта болжамы
Бір апта ішінде теңге 2,17%-ға төмендеді. Inbusiness.kz сайтында өз болжамынан жариялаған сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның ұлттық валютасы мен АҚШ долларының жұбы қысымға ұшырап отыр. Бейсенбі күні америкалық валюта үшін сессия 470,24 теңге белгісінде аяқталды. Жұма күні сыртқы фон айтарлықтай нашарлады. Бір апта ішінде Brent баррелінің бағасы 115 доллардан аса алмады. Оның бір баррелі 110 долларға дейін, кейін 108 долларға дейін арзандады. Сауда-саттыққа қатысушылар әлемдік экономикадағы рецессия ықтималдығына байланысты энергия тасымалдаушыларына деген жаһандық сұраныстың қысқаруынан қауіптенуде.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:
Қазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамы осы аптада нығаймақ болды, бірақ іс жүзінде тағы 2,17%-ға төмендеді. Теңге мен ресей рублінің жұбы минимумдарды жаңартты.
Мұндай динамика валюта нарығындағы қарқынды нығаюымен байланысты. Өйткені онда сауда профициті орнады. Экспорттаушылар валюталық түсімнің көп бөлігін жеткізуде, ал импорттаушылар тарапынан валютаға деген сұраныс аз.
Инвесторлардың қатерлерден кетуіне байланысты доллар әлемдік валюта нарығында тағы да қымбаттады. Сауда-саттыққа қатысушылар рецессия болады және әлемдік ОБ-лар ақша-несие шарттарын қатаңдатады деген пікірде.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 460-480 теңге, бір еуро 470-500 теңге, бір рубль 8,65-9,15 теңге, бір юань 68-72 теңге шамасында болады.
Андрей Маслов, "ФИНАМ" КТ сарапшысы:
1 шілдеде аяқталған аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы өзгеріссіз қалды. Тек рубльге қатысты бағамы аздап күшейе түсті.
Жалпы, теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай тұрақты. Алайда қазақстандық валюта Ресей рублінің траекториясын қайталауда, себебі РФ да, ҚР да бір кеден одағында орналасқан.
Айта кету керек, теңгенің рубльге қатысты бағамының біршама нығаюына рубльдің әлсіреуі себеп болып отыр, өйткені РФ Қаржы министрі А. Силуанов валюталық интервенция жүргізілуі мүмкін екенін, ал РФ-ның Орталық банкі ресейліктердің шетелдерге шығаратын валюталық аударымдарының шегін $150 мыңнан $1 млн дейін арттырды.
Бұл рубльдің долларға қатысты бағамының шамамен 2,4%-ға әлсіреуіне әкеліп соқты. Сонымен қатар, Қазақстанда банктер рубльмен транзакция жасағандардың шоттарын бұғаттайтыны туралы жаңалықтар жариялануда. Бұл санкцияларды айналып өту әрекеттерін болдырмау үшін қабылданып жатқан шығар деп ойлаймын. Өйткені бұған дейін Қазақстан Үкіметі Қазақстан санкцияларды айналып өту құралына айналмайтынын атап өткен болатын.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 460-470 теңге, бір еуро 480-490 теңге, бір рубль 8,30-8,75, бір юань 69,70-70,10 теңге теңге шамасында өзгеруі мүмкін.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скаут:
Доллар бағамы қазақстандық қор биржасында (KASE) аяқталған жұмыс аптасында 2,1 теңгеге төмендеп, (-0,45%) 464,9 теңге болды.
Америкалық валюта сейсенбі күні 450 теңгеге дейін құлдырап, бейсенбі күні 4 сәуірден бергі (474,5 теңгеге дейін) максимумға жетті, алайда жұма күні ол қайтадан әлсіреді.
Мұнай нарығындағы жағдай туралы айтар болсақ, бір апта ішінде Brent маркалы баррельдің бағасы 115 доллардан көтеріле алмады. Нарық ойыншылары Франция президенті Эммануэль Макронның Америка президенті Джо Байденмен сөйлесуі кезінде Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы мұнай өндірісін арттыра алмайтынын айтқаны түсірілген видеоға назар аударды.
АҚШ Энергетика министрлігі өткен аптада елдегі коммерциялық мұнай қоры (стратегиялық резервті қоспағанда) 2,8 миллион баррельге қысқарып(0,7%), 415,6 миллион баррель болғанын жариялады.
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы маусым айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция 14,5%-ға дейін жеделдегенін мәлімдеді. Қазақстанның Энергетика министрлігі тамыз айында ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіру квотасы тәулігіне 1,706 миллион баррельді құрайтынын мәлімдеді. Шілдеде бұл көрсеткіш 1,68 миллион баррель болған. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры ағымдағы жылы Astana International Exchange (AIX) алаңдарында және Қазақстан қор биржасында (KASE) "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнай-газ компаниясының акцияларын орналастыруын (IPO) жүргізеді.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір еуро 460-500 теңге, бір рубль 7,5-9 теңге, бір юань 63-73 теңге шамасында болады.
Мұрат Қастаев, DAMU Capital Management ЖШС Бас директоры:
Өткен аптада мұнай бағасы құбылмалы болды, Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 120 долларға жетті, содан кейін 108 долларға дейін төмендеді. Мұнайдың әлсіреуінің негізгі себебі рецессия туралы болжамдар және АҚШ долларының индексінің өсуі болып табылады.
Биыл I тоқсанда АҚШ ЖІӨ 1,6%-ға төмендеді. Америкалық валютаның нығаюына инвесторлардың тәуекелге қызығушылығының төмендеуі және олардың қорғаныш активтеріне оралуы себеп болуда. АҚШ долларының индексі соңғы 20 жылдағы жаңа максимумдарға жетті.
Ресей Федерациясында Үкімет пен Орталық банк рубльді әлсіретуге тырысуда, алайда экспорттаушыларға валюталық кірісті айырбастау және азаматтар үшін валюталық аударымдар лимитінің ұлғаюы бойынша талаптар әлсіреген кезде де Ресей Федерациясында валютаға сұраныс өспейді, өйткені оны жұмсау мүмкіндігі жоқ. Нәтижесінде рубль өзінің қалыпты өсуін жалғастыруда және бұл қазірдің өзінде әлсіз саналатын Ресей экономикасына зиянын тигізуде.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 450-460 теңге, бір рубль 8-8,5 теңге, бір еуро 480-490 теңге, бір юань 70-75 теңге болуы мүмкін.