Валюта болжамы: 5 қыркүйек – 9 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
470

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
03.9.2022
465 – 475
Forex Club
03.9.2022
450 – 490
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
7,8

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
03.9.2022
7,7 – 7,9
Forex Club
03.9.2022
7,4 – 8,2
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
470

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
03.9.2022
465 – 475
Forex Club
03.9.2022
450 – 490
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
68,25

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
03.9.2022
68 – 69
Forex Club
03.9.2022
65 – 71

Inbusiness.kz оқырмандарға алдағы аптаға теңгенің долларға, рубльге, юаньға және еуроға қатысты бағамының кезекті апталық валюталық болжамын ұсынады (5 қыркүйек – 9 қыркүйек).

5 қыркүйек – 9 қыркүйек

29 тамыз - 2 қыркүйекке арналған валюта болжамы

 

 

Қыркүйектің бірінші аптасында теңге долларға, еуроға және рубльге қатысты тұрақты деңгейде қалды, бірақ қытай валютасына қарсы әлсірегені байқалады.

Мұнай нарығы соңғы аптада құбылмалы күйін жалғастырды: 1 тамызда максимум баға жаңартылса (Brent баррелі үшін шамамен 103,5 доллар), көп ұзамай 90,7 доллар деңгейіне дейін төмендеді. Енді 95 доллар көрсеткішін ұстап тұруға тырысып бағуда.

Теңгенің тұрақтылығы шикізат бағасының құлдырауы мен әлемдік аренада доллардың нығаюы түріндегі сыртқы фонның айтарлықтай нашарлауы аясында сақталуда.

Inbusiness.kz сарапшылар экономикадағы және стратегиялық саясаттағы үкіметтік бастамаларды сауда-саттыққа қатысушылары оң бағалап, теңге бағамына қолдау көрсетеді деп болжайды. Алайда алдағы сайлау науқанына байланысты туындайтын саяси белгісіздік теңгеге қысым көрсетуі мүмкін.

Сарапшылардың толық пікірлері төменде inbusiness.kz дайындаған келесі сауалнамада келтірілген.

Айдар Қалиасқар, Forex Club сарапшысы:

5 қыркүйек – 9 қыркүйек Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы Қазақстандық қор биржасында (KASE) аяқталған жұмыс аптасында 2 теңгеге (-0,4%) немесе 471 теңгеге дейін төмендеді. Осы аралықта «америкалық» валюта диапазоны 464-473,8 теңгеге дейін қысқарды.

KASE сауда-саттығында долларлық мәмілелердің көлемі бір апта бұрынғы көрсеткіш: 606 миллион доллардан 289 миллион долларға дейін күрт төмендеді. Доллар бағамы келесі аптада 450-490 теңге аралығында болады.

Мұнай нарығы соңғы аптада құбылмалы күйін жалғастырды: 1 тамызда максимум баға жаңартылса (Brent баррелі үшін шамамен 103,5 доллар), көп ұзамай 90,7 доллар деңгейіне дейін төмендеді. Енді 95 доллар көрсеткішін ұстап тұруға тырысып бағуда. Нарық ойыншылары қытайлық макроэкономикалық статистиканы бағалауда.

Елдің өндірістік секторындағы іскерлік белсенділік индексі (PMI) шілде айының деңгейі 50,4 пунктен 49,5 пунктке дейін төмендеді, осылайша негізгі 50 пунктен төмен көрсеткішке ие болып отыр. Бұл сектордағы экономикалық белсенділіктің баяулауын білдіреді және инвесторлардың Қытай экономикасының баяулауы мен мұнайға сұраныстың төмендеуі тұрғысында алаңдаушылығын тудырады.

Бұдан басқа, АҚШ ФРЖ есептік мөлшерлемесін арттыру перспективасы әлемдік экономиканың баяулауын, тиісінше – мұнайға сұраныстың төмендеу тәуекелдерін арттырады.

Доллар индексі (АҚШ-тың негізгі сауда серіктестері – алты елдің валюта қоржынына доллар бағамы) бұл ретте жиырма жылдық максимумдар ауданында 109 пункттен жоғары болып қалуда.

Сонымен қатар, Қазақстанда жылдық инфляция тамыз айының қорытындысы бойынша алдыңғы ай көрстекіші 15% -дан 16,1%-ға дейін жеделдеді, деп республиканың ұлттық статистика бюросы бағалады. 2021 жылы көрсеткіш 8,4%-ға тең болды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың жыл сайынғы табысының 50%-ын 18 жасқа толғанға дейін балалардың жинақтау шоттарына аударуды ұсынды. Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсалады деп болжануда. Жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу жоспарлануда.

Форекстегі юаньның әлсіз күйін сақтау салдарынан қытай валютасының бағамы бір апта ішінде 0,49 теңгеге (-0,7%) немеесе 68,4 теңгеге дейін төмендеді. Қытай валютасы келесі аптада 65-71 теңге аралығында өзгереді.

Рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы өткен аптада 0,09 теңгеге (-1,15%) төмендеп, 7,79 теңгені құрады. Бұл ресейлік валютаның аптаның негізгі резервтік валюталарына қарсы белгісіз динамикасына байланысты. Рубль келесі аптада 7,4-8,2 теңге арасында құбылады.

Еуро бағамы өткен аптада 1,7 теңгеге (-0,4%) 470,1 теңгеге дейін төмендеді. Еуроның долларға қатысты тепе-теңдікті сақтау әрекеттері оны теңгеге де тұрақтандырды. Еуропалық валюта келесі аптаны 450-490 теңге аралығында өткізе алады. 

Андрей Маслов, «Финам» ФТ сарапшысы:

5 қыркүйек – 9 қыркүйек Қыркүйектің бірінші аптасында қазақстандық валюта долларға, еуроға және рубльге қатысты шамамен бірдей деңгейді ұстап тұрды. Ал юаньға қатысты жоғары құбылмалылық байқалды, нәтижесінде теңге қытай валютасына қарсы әлсіреді.

Апта Джером Пауэлл мен басқа да ФРЖ шенеуніктерінің мәлімдемелерінен кейін еуроның доллармен паритет мәнінің шегін бұзумен басталды. Оған қоса, аптаның соңында АҚШ-тың макроэкономикалық деректері де долларды қолдап, еуро-доллар паритетінің одан әрі бұзылуына әкелді.

«Қытайлық» валютаға келер болсақ, юань инвесторлардың елдегі экономикалық өсу қарқынының баяулауына, жаңа локдаундар мен тұрғын үй дағдарысына қатысты алаңдаушылығына байланысты қысымға ұшырады. Салдарынан юаньның құбылмалылығы айтарлықтай байқалды.

Қазір Қазақстанда реформалар жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа жолдауында биылғы күзде мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу, басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті биліктің өкілеттіктерін кеңейту туралы шешімдерді жариялады және президенттік мерзімді қайта сайлау мүмкіндігінсіз жеті жылға шектеуді ұсынды. Тоқаевтың басқа ұсыныстарының ішінде – Ұлттық қордың жыл сайынғы табысының 50%-ын 18 жасқа толмаған балаларға арнайы жинақтау шотын ашуды тапсырды.

Қарап отырсам, нарықтар бұл жаңалықты біршама жақсы қабылдаған сияқты, алайда саяси белгісіздікке байланысты тәуекелге де орын бар, себебі сайлау науқанына қарсы теңгеге қысым түсуі мүмкін.

Сонымен қатар ҚРҰБ-ның 5 қыркүйекте Сатып алу шартына қатысты отырысын ерекше атап өткен жөн. Жалпы алғанда пайыздық мөлшерлеменің 50-75 б.п. артуын күтуге болады, өйткені соңғы деректер бойынша Қазақстанда инфляция қайта өсті және бұл жолы шілде айындағы 14,5%-ға қарсы 15%-ды құрады. ҚР ҰБ елдегі бағаның өсуін тежеу үшін инфляциялық таргеттеу саясатын одан әрі жүргізетін болады.

Жалпы, біз келесі аптада теңгенің америкалық долларға қатысты бағамы 465-475 теңге аралығында, еуроға – 465-тен 475 теңгеге дейін, Ресей рубліне – 7,70-7,90 теңге, юаньге – 68,00-69,00 теңге аралығында болады деп күтеміз.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу