"Астана"-АПОЭЛ ойынында "Астана Арена" стадионы 12 градусқа дейін жылы болады

805

"Астана"-АПОЭЛ ойынында "Астана Арена" стадионы 12 градусқа дейін жылы болады

УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі бесінші тур аясындағы "Астана"-АПОЭЛ ойыны кезінде "Астана Арена" стадионындағы ауа температурасы 12 градус жылы болады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Стадиондағы ауа температурасы 12 градус жылы болады. Жанкүйерлерімізді қуанту үшін бар күшімізді салып ойнаймыз. Асхат Тағыберген, Аним Ибраим, Патрик Твумаси сияқты мықты ойыншылардың жоғына қарамастан, маусымның соңы екеніне қарамастан, командадағы көңіл күй жақсы",-деді  матч алдындағы баспасөз мәслихатында "Астана" командасының ойыншысы Азат Нұрғалиев. Азат Нұрғалиевтің өзі болса, алған жарақатынан кейін әбден жазылып, ертең барын салып ойын көрсетуге дайын.

Спортшының айтуынша,  АПОЭЛ "Астанаға" таныс топ, сондықтан, қонақтарды жеңуге болады. "Астана" командасы В тобында соңғы орында тұрса да,  УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалына шығатындай үміті бар. Ол үшін "Астана" командасы АПОЭЛ-ді жеңіп, "Олимпиакос" командасының "Янг Бойз" командасынан жеңілуін тілейді.

"Астана"-АПОЭЛ арасындағы матч 24 қараша күні, кешкі 22.00-де басталады. Ойын "Астана-Арена" стадионында өтеді. Ойынды "Қазақстан" арнасының тікелей эфирінен де тамашалауға болады.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу