"Бүркітші қыз" фильмі "Оскардың" басты үміткерлер тізіміне өтті

873

"Бүркітші қыз" фильмі "Оскардың" басты үміткерлер тізіміне өтті

Америка кино академиясы "Оскар" сыйлығын алуға бір қадам қалған 15 толықметражды деректі фильм тізімін жария етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Кино саласындағы ең жоғары сыйлыққа үміткерлердің қатарында атақты америкалық режиссер Отто Беллдің Моңғолияда тұратын қазақ қызы Айшолпан туралы "Бүркітші қыз" (The Eagle Huntress) атты деректі фильмі де бар. Алдағы уақытта үміткер фильмдердің ішінен 5-еуі таңдап алынып, олар мәртебелі сыйлыққа ұсынылатын болады. Ал нәтижесі 24 қаңтарда жария етіледі.

Аталған тізімге "The Eagle Huntress" деректі фильмінен бөлек режиссер Ава Дювернейдің "13th", Кирстен Джонсонның  "Cameraperson", Роберт Кеннердің "Command and Control", Джанфранко Розидің "Fire at Sea", Джей Клей Твилдің "Gleason", Рауль Пеканың "I Am Not Your Negro" сынды туындылары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу