"Қазақфильмде" қысқаметражды жеті фильмнің түсірілімі аяқталды

1144

"Қазақфильмде" қысқаметражды жеті фильмнің түсірілімі аяқталды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының "Дебют" шығармашылық өндірістік бірлестігінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша қысқаметражды көркем фильмердің өндірісі аяқталды. 7 қысқаметражды көркем фильм, атап айтқанда, "Жетім бұрыш" - Е.Бораншы; "Жесткий тип" - Баймұрат Жұманов; "Миша" - А.Әуелбек; "На грани" - А.Байракимов; "Письмо" - А.Мұсатаев, "Таксист" - Д.Махмұт және "Эль Фриман" - Е.Рақымбеков туындыларының түсірілім жұмыстары аяқталып, монтаждау кезеңіне өткен.

"Қазақфильмнің" негізгі мақсаттарының бірі - жас кинематографистерге қолдау көрсету. Осы орайда,біз жыл сайын алты –жеті  жас талапкерлерге тырнақалды фильмдерін түсіруге мүмкіндік береміз. Бұл мүмкіндік тек режиссерлерге ғана емес, сондай-ақ, басқа да жас кино мамандарына беріледі. Қазақ киносының келешегі осы жастардың қолында, сондықтан да оларға кино өнеріне жол ашу қажет, - деді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Б.Қайырбеков

"Қазақфильм" киностудиясында 1959 жылдан бастап қысқаметрлі кино түсіру тәжірибесі енгізілген. Кейіннен "Дебют" шығармашылық өндірістік бірлестігі болып ашылған. Содан бері бұл бірлестік талай режиссерлерді елімізге танытты.

Бірлестіктің басты мақсаты жас кинематографистерге сценарий жазудан бастап пост-продакшнге дейінгі өндіріс үрдісімен таныстыру. "Дебют" шығармашылық өндірістік бірлестігі жыл сайын онға жуық  жас кинематографистердің кино түсіруіне мүмкіндік береді. "Дебют" ШӨБ жетекшісі Анар Қашағанова осы бірлестікті бірнеше жылдар бойы басқарып келеді.

Жас режиссерлердің сценарийлерін таңдау үрдісі қалай жүретіні туралы 1988 жылы "Қазақфильмде" өзінің тырнақалды "Шілде" атты қысқаметрлі фильмін түсірген режиссер, бірлестіктің көркемдік жетекшісі  Дәрежан Өмірбаев былай деді: - Режиссерлерді өндіріске жіберудің алдында қоржынымызға келіп түскен сценарийлерді талқылаймыз. Соның ішінен жақсы дүние шығады дегендерін іріктеп аламыз. Сценарий авторларымен сөйлесіп, олардың дүниетанымымен танысамыз. Осыған дейін түсірген фильмдерін көреміз. Содан кейін, өндіріске жіберу мәселесін қарастырамыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу