19 қазанда 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары аясында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жеті кәсіпорны алғашқы электрондық аукционға шығарылады. Бұл туралы мәліметті "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратты.
Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталына темір жол саласының көліктік- экспедициялық қызметі, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындар шығарылды. Олардың ішінде "Бас –Балқаш 2004" ЖШС, "МАК-Екібастұз" ЖШС, "Көлік қызметі орталығы" АҚ, "Рауан Бурабай" ЖШС, "Магистраль-Қызметі" ЖШС, "Қазэлектрпривод" БК" ЖШС, "Аймақтық форвард логистика" ЖШО бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу