"Қазатомөнеркәсіп" басшысы 70 миллионды қалтаға басып шетел асқан

1012

"Қазатомөнеркәсіп" басшысы 70 миллионды қалтаға басып шетел асқан

"Қазатомөнеркәсіп" АҚ бұрынғы вице-президенті Рүстем Тұрсынбаев 70 миллион долларды қалтасына басып, Канадаға қашып кеткен.  Бұл деректі бүгін "Қаржылық тергеп-тексерудің және ұрланған активтерді шетелден қайтарудың ұлттық жүйесін дамыту" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Бас прокурор Жақып Асанов мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

"Казатомпром" теңіз күкірт қышқылын адамның миына қонбайтын бағаға сатып алады. Бірақ, шын мәнінде 70 миллион долларды вице-президент Рүстем Тұрсынбаев қалтасына басып, Канадаға қашып кеткен", –  дейді Жақып Асанов.

Айта кетейік, Алматы қаласының қаржы полициясы Рүстем Тұрсынбаевқа 2010 жылы іздеу жариялаған. Ол "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, біреудің сеніп тапсырған ірі көлемдегі мүлкін талан-таражға салды, заңсыз жолмен алынған қаржыны заңдастырды, ұйымдардан салық төлеуден жалтарды, жалған құжаттарды қолдан жасап, пайдаланды" деп айыптаған болатын. Ол кейіннен Канадаға қашып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу