1 қаңтардан бастап ТЖМ жанындағы "112" шұғыл қызметі жұмысын тоқтатады

942

Бірінші қаңтардан бастап бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары құруы тиіс, деп жазады inbusiness.kz. 

1 қаңтардан бастап ТЖМ жанындағы "112" шұғыл қызметі жұмысын тоқтатады Фото: gov.kz

Бүгінде Атырау, Көкшетау, Қызылорда, Өскемен және Орал қалаларында "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің жұмыс істеуі бойынша пилоттық жобалар іске асырылуда. Алайда, пилоттық өңірлерде "112" қызметін құруға, оның жұмыс істеуін үйлестіруге, дамытуға және әдіснамалық қамтамасыз етуге жауапты орталық мемлекеттік орган айқындалмаған. 

Үкімет басшысы Әлихан Смаиловқа сауал жолдаған  Мәжіліс депутаттары Сәлімжан Нақпаев пен Ерлан Смаилов осы қызметтің өңірлерде аталған мерзімде жолға қойылуына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр.

Депутаттар сауалындағы мәліметке сәйкес, пилоттық жобалар іске асырылатын облыстардың жергілікті атқарушы органдарынан алынған ақпаратқа сәйкес, әрбір өңір осы жобаны өңірдің бюджетіне және жобаны іске асыру тетігін өзінің түсінуіне қарай іске асыруда.

Сонымен қатар депутаттар "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жұмыс істеуі бойынша бірыңғай нормативтік құқықтық базаның  жоқ екенін алға тартады. Диспетчерлік құрамды дайындау бойынша бірыңғай стандарт жоқ және шұғыл қызметтердің ақпараттық жүйелері интеграцияланбаған.

"Жедел қызметтің барлық функциясын орталықтандырылған түрде атқаруға тиіс "112" қызметінің толыққанды жұмыс жастап кетуіне керекті жағдай жасалмаған. Әлі күнге дейін "101", "102", "103" жедел қызметтері қатар жұмыс жасауда және оларға бюджет қаражаты жұмсалуда" делінген депутаттар сауалында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу