10 айда 10 млн 744 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

879

"Құрылыс саласындағы нақты көлем индексі 110,7% құрады".

10 айда 10 млн 744 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

Жыл басынан бері 94 737 баспана пайдалануға берілді. Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деді. 

"Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 110,7% құрады. 15 өңірде оң динамика байқалды. Мысалы, Қызылорда облысында магистральдық газ құбырын, электрмен және сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмысы аяқталды. Батыс Қазақстан облысында "Каспий құбыр консорциумы" КҚК магистральдық газ құбырын салу бойынша негізгі жұмыс шегіне жетті", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің мәлімдеуінше, өткен 10 айда 10 млн 744 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 

"Ел аумағында 94 737 баспана пайдалануға берілді. Оның 34 535-і жеке тұрғын үй", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу