14 шілдеде Түркиядан гуманитарлық көмек жеткізіледі

839

СІМ "Үкімет бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отыр" деген ақпаратты жоққа шығарды.

14 шілдеде Түркиядан гуманитарлық көмек жеткізіледі Фото: Максим Морозов

Әлеуметтік желілердегі Түркиядағы қазақ диаспорасының гуманитарлық көмегі Қазақстанға жіберілмей жатқандығына екі апта болғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Осылай хабар таратқан Сыртқы істер министрлігі "Үкімет бұл жүкті елімізге жеткізуді әдейі кешеуілдетіп отыр" деген ақпараттың да негізсіз екенін жеткізді.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анкара мен Ыстамбұл қалаларынан Түркия үкіметінен ресми гуманитарлық көмекті, Түрік қазақтары қауымдастығы (KATEAD) мен Қазақстан азаматтарының бастамашыл тобы сатып алған жүкті елімізге жеткізуді пысықтап жатқандығын хабарлаймыз",– деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінша, бұл жүктерді жеткізудің жалпы үйлестіру жұмыстарын Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі жүзеге асырады. Осы ынтымақтастық туралы ақпаратты KATEAD өз веб-сайтында жариялаған.

"Жүктерді авиакомпаниямен Анкара-Алматы бағыты бойынша жеткізу ағымдағы жылдың 14 шілдесіне жоспарланған. Осы ретте жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз", – дейді министрліктен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу