Бүгін төл теңгеміз бекіген күн. Осыдан 24 жыл бұрын 1993 жылдың он екінші қарашасында елбасының ұлттық валютаны енгізу туралы қаулысы шығып, сол айдың он бесінші жұлдызында теңге айналымға енді, деп жазады 24.kz.
Осы жылдардың ішінде қазақ ақшасы бірнеше рет халықаралық нарықта ең әдемі, жоғары сапалы әрі қолдан жасау қиын, деп танылды. Алғашқы теңгенің беттерінде Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Әбілқайыр мен Абылай хандар секілді қазақтың белгілі саясат және мәдениет қайраткерлер бейнеленген. Бұл купюралар 2006 жылдың шілде айына дейін қолданыста болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу