2010 жылдан бері "БЖК"-ға 21 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 3 рет түбегейлі өзгертілді – Есеп комитеті

976

2010 жылдан бері "БЖК"-ға 21 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 3 рет түбегейлі өзгертілді – Есеп комитеті

ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасына жүргізілген аудиттің нәтижесін жариялады, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Комитеттің мүшесі Айгүл Мұxаметкәрімнің айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты шағын және орта бизнес субьектілерін арттыру болса да, соңғы жылдары аталған көрсеткіш көп өзгерген жоқ. "2014 жылы орта санаттағы кәсіпкерлердің саны 2010 жылмен салыстырғанда, екі есеге азайған. 2015 жылы олардың саны тек 2005-2006 жылдардағы көрсеткішпен теңесті. Ал шаруа қожалықтары мен фермерлердің саны соңғы он жылда мүлдем өзгерген жоқ", – дейді комитет мүшесі. 2010 жылдан бері "Бизнестің жол картасына" 21 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, үш мәрте түбегейлі өзгертілді. Бас кезінде аталған бағдарлама аясында мемлекеттік қолдау шаралары шағын және орта бизнеске арналды. Ірі бизнес үшін индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы бар. Соған қарамастан, өткен жылы оған өзгеріс енгізіліп, ірі субьектілерге қатусыға мүмкіндік берілді. "Сөйтіп, бағдарлама аясында оларға 13,9 млрд теңге бөлінді. Осылайша, мемлекеттік органдар ірі бизнестің арқасында бюджет қаржысын игеруге қатысты есептерін жақсартып алды", – деді А.Мұxамедкәрім.

"Даму" қорының өзі бағдарламаның талаптарын бұзып отыр. Аталған ұйым өздігімен бақылау шараларын жүргізіп, бағдарламаға қатысатын кәсіпкерлердің санын шектейді. Ұлттық экономика министрлігі болса, кәсіпкерлік нысандарының реестрін әлі күнге дейін қолға алған жоқ. Алайда заң бойынша аталған талап он жыл бұрын бекітілген. Осының салдарынан шағын және орта бизнестің бірыңғай тізімі жоқ. Сондай-ақ бағдалама аясында ашылған жаңа жұмыс орындарының нақты санын ешкім білмейді. Осы мәселеге қатысты ақпарат, көп жағдайда, жалпылама беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу