2016 жылдың соңына дейін Байқоңырдан әлі екі ғарыш кемесін ұшыру жоспарланған

823

2016 жылдың соңына дейін Байқоңырдан әлі екі ғарыш кемесін ұшыру жоспарланған

18 қараша күні болған  "Союз МС-03" ғарыш кемесінің табысты бастамасы 2016 жылғы Халықаралық ғарыш стансасына басқарылатын ұшыру бағдарламасын аяқтады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. Бірақ ХҒС биылғы  бағдарламасы әлі біткен жоқ. 2016 жылдың 1 желтоқсаны күні Байқоңыр ғарыш айлағынан стансаға 2,5 тонна жүк жеткізетін "Прогресс МС04" ғарыштық жүк кемесі ұшырылады. 2016 жылдың 22 желтоқсаны "Протон-М" тасығыш-зымыранын EchoStar-21 америкалық серігімен бірге ұшыру жоспарланған. Байқоңырдағы аталмыш бағдарлама 2016 жылға арналған соңғы ұшырылым болмақ.

Айта кетейік, "Протон-М" зымыраны биылға жоспарланған жеті ұшырылымның үшіншісі ғана. Бұрында жылына 6-7 рет ұшырылатын "Протон" көп жылдың ішінде алғаш рет айтарлықтай азайды. Мысалы, 2015 жылы екіжақты келісім негізінде 13 ұшырылым жоспарланса, соның 8-і жүзеге асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу