2017 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

816

2017 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Биыл "Нұрлы жер" бағдарламасының басталғанына 1 жыл болды. Осы уақыт аралығында Елбасы ұсынған жоба арқылы 100 мың 812 баспана пайдалануға берілді. Оның 72 мың 904-і көпқабатты, ал қалған 27 мың 908-і жеке үйлер. Өңірлерде баспананы қолданысқа беру бойынша 42,4 пайызбен Батыс Қазақстан, 36,2 пайызбен Оңтүстік және Қостанай облысы 35,6 пайызбен алда келеді, 
Аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, өңірлерде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін жалпы алаңы 288 мың  шаршы метр  болатын тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Бұл шамамен 5376 пәтер. Өткен жылдың 12 айында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына 2620 баспана берілген.  Жоспар бойынша аталған жұмыстар 2019-шы жылға дейін аяқталады. Бұл ретте республикалық бюджеттен  25 млрд. теңге бөлініп отыр. 
Сонымен қатар, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға, соның ішінде жеке тұрғын үй салынып жатқан жерлерге инженерлік коммуникация тарту шаралары да атқарылуда. Қазіргі уақытта 70,3 мың учаскеде желі тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бағдарламаның үшінші бағыты аясында, яғни,  кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша елімізде 16 мың 217 пәтер қолданысқа берілді. 
Ал, жеке құрылыс салушыларды ынталандыру үшін екінші деңгейлі банктер оларға 2017-2018 жылдары 152 млрд  теңге займ береді. Бұл сомаға жеке құрылыс салушылар 600 мың ш.м тұрғын үй салулары керек. 
Ипотекалық несие берудің қолжетімділігін жоғарылату мақсатында "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы 120 млрд теңгеге 8 мың займ беру жоспарланған. 2017 жылы  жалпы сомасы 13,4 млрд теңге болатын 1,3 мың займ берілген. Ал биылғы мақсат -  жалпы сомасы 106,6 млрд теңге болатын 6,7 мың займ беру. 
Ал, биыл аталмыш бағдарлама аясында тағы да 100 мың пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу