2018 жылға қарай ақпараттық құралдар саны 30 пайызға қысқарады - Тимур Сүлейменов

901

 2018 жылға қарай ақпараттық құралдар саны 30 пайызға қысқарады - Тимур Сүлейменов

ҚР ҰЭМ бизнеске қатысты рәсімдер санын, мерзімдерді және қаржы шығындарын қысқартуға бағытталған заңнамалық актілерге түзетулер жиынтығын әзірледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ҚР үкіметінде өткен елбасы жолдауының "Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту" екінші басымдығын іске асыру" атты баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Қазір елбасының тапсырмаларын орындау үшін аумақтарда өңірлер мен қалалардың бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингін жүргізу арқылы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде елдік және еларалық деңгейлерде бизнес ортаны зерттеуге бағытталған әлемдік тәжірибелерді ескере отыра тиісті әдістеме әзірленді. Рейтингті дайындау барысында кәсіпкерлікті дамытудағы проблемалық аспектілер анықталады, сондай-ақ бизнестің пікірінше, өңірлер мен қалалардағы іскерлік орта жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ұсынымдар көрсетіледі", - деді Т. Сүлейменов.

Министр мәлімдегендей, өңірлер мен қалаларда бизнесті жүргізу жағдайларын бағалау 5 фактор бойынша жүргізіледі, атап айтқанда, реттеушілік климат, бизнес үшін қаржының қолжетімділігі, адами капитал, бизнес үшін инфрақұрылым, қабылданатын шешімдердің ашықтығы. Рейтингті дайындау кезінде кемінде 8 120 адам сұралады, ал бағалау екі деңгейде жүргізіледі: өңірлік деңгейде 14 облыс пен Астана және Алматы қалалары және қалалық деңгейде 55 қала.

"Осылайша, рейтингті дайындау барысында кәсіпкерлікті дамытудағы проблемалық аспектілер анықталады, сондай-ақ бизнестің пікірінше, өңірлер мен қалалардағы іскерлік орта жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ұсынымдар көрсетіледі", - деп қосты Т. Сүлейменов.

Сондай-ақ ол артық мемлекеттік реттеуді қысқарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Бақылау-қадағалау қызметін қайта құру жүргізілуде. Тексеру қызметін талдау көрсеткендей, бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, бизнеске түсетін бақылау жүктемесі әлі де орын алуда. Осыған орай, бақылау-қадағалау қызметін ауқымды тексеру және талдау жүргізіліп, оның нәтижесінде профилактикалық бақылауды енгізу ұсынылады. Практика көрсетіп отырғандай, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қолданыстағы жүйесі бұзушылық фактілері анықталып, жауапкершілік шаралары қолданылатындай етіп қана ұйымдастырылған. Ал кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттары кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу тиімділігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы болып табылады. Сондықтан әкімшілік іс қозғамай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың профилактикасы қолданыстағы тексеру жүйесінен түбегейлі ерекшелігі болады", - деп мәлім етті министр.

Сондай-ақ ол профилактикалық бақылауды енгізумен қатар, қайталануына және тиімділігінің болмауына байланысты 114 саланың ішінен 24 бақылау саласы және 18 саладан 3 қадағалау саласы алынып тасталатыны, кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша 30 497 талаптың 17 654-і немесе тексерулер бойынша барлық талаптардың 50%-ға жуығы қысқартылғаны туралы айтты. Осы ретте халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында – талаптардың 85%-ға жуығы, өрт қауіпсіздігі саласында 72%-ы қысқартылған. 1 137 тексеруші – мемлекеттік қызметшіні оңтайландыру, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 30 бабы бойынша әкімшілік іс қозғау бойынша уәкілетті органдардың құзыретін алып тастау ұсынылды. Жоспардан тыс тексерулер үшін негіздерді оңтайландыру, тексерулерді жүргізу мерзімін қысқарту ұсынылады.  

"Жалпы, мемлекеттік бақылауды реттеу  бойынша қабылданатын шаралар  2018 жылға қарай тексеру  көлемін  30 пайызға дейін қысқартады,  ол 70 мыңнан астам болса, 2020 жылы  10 пайызды құрамақ", -  деді Т.Сүлейменов.

Министр айтып өткендей, бизнеске түсетін басты қысым ақпараттық құралдардың шамадан тыс көптігі, олар реттеу мен жүйесіз түрде ене береді. Бүгінде  1600 ақпараттық талап бизнеске қойылды, оның көбі өзара қайталана береді.

" "Гильтондар"  құралын  қолдану арқылы  2018 жылға қарай  ақпараттық құралдар санын  30 пайызға қысқартып, заңнамалық түрде бекіту қарастырылған", - деді ведомство басшысы.

Ол айтып өткендей, рұқсат беру жүйесін жеңілдету бойынша жұмыс тереңдетіле түседі.

"Өткен жылы рұқсат беру құжаттарын  50 пайызға қысқарту реформасы жүзеге асырылды. Қорытындысында,  рұқсат беру құжатының саны  708-ден  316-ға дейін қысқартылды. Аталмыш бағыт бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Рұқсат беру жүйесі бойынша тексеру жүргізілді, 91 рұқсат беру құжаты кәсіпкерлерге үйлестірілді. Осы орайда сараптаудың қорытындысы бойынша заңнамалық түрде тізім бекітіледі", - деді Т.Сүлейменов.

Оның айтуынша, өзін-өзі реттеу институтының  даму жұмысы жалғасын табады. Бүгінгі таңда  аталмыш институт өз еркімен  букмекерлік қызмет, экологиялық аудит, салық консультациясы мен өрт қауіпсіздігінде жұмыс істеп жатыр.

"Міндетті  өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша  6 әлеуетті салада, атап айтсақ, баға беру, нотариалды түрде, қорғаушы, аудиторлық қызметі,  экологиялық аудит  пен ведомство сыртындағы кешендік сараптама. Баға беру қызметі мен экологиялық аудит қызметі  әзірленіп, қажетті заңнамаға енгізілді.  Қазіргі таңда  ынталандыру  шараларын әзірлеу бойынша  жұмыс белсенді жүргізілуде", - деді министр.

Сондай-ақ, ол фронталды шығынды қысқарту туралы айтып өтті. Бизнес ұсынысымен қатар  бірқатар ақылы мемлекеттік қызмет есебі бойынша  шаралар әзірленді. 30 заңды тексеру аяқталды, оның қорытындысы бойынша бәсекелестікті дамыту нормалары әзірленді. Қазіргі таңда  70 заң мен  1000 актінің сараптамасы жүргізілуде.

"Аталмыш шаралар  кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру  жөніндегі  бірыңғай заң жобасы  аясында  жүзеге асырылады. Қорытындысында, бизнестің  өнеркәсіптік емес  шығындары қысқартылады", - деді Т.Сүлейменов.

Министр айтып өткендей, Қазақстан  жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша  халықаралық оң бағаға  ие болды,  Дүниежүзілік  банктің "Doing Business" рейтінгінде  35-орын алды. Ол өткен жылдық көрсеткішпен салыстырғанда   16 сатыға   көтерілді. Қазақстан "Әкімшілік реттеудің қиыншылығы" индикаторы бойынша  8 сатыға көтеріліп,  38-орынды алды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында бизнес ортаны тыңғылықты жақсарту басым бағыттардың бірі екенін айтқан болатын.  Ол үшін мемлекет  жүйелік негізде  құқықтық, экономикалық, әлеуметтік  жағдайды  кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін жұмыс істеуде

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу