2018 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы сандық теледидарға қосылады

894

2018 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы сандық теледидарға қосылады

2018 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы сандық телевизияға қол жеткізеді. Сол кезде мыңға жуық станса отандық телеарналарды цифрлық сапада көрсетуді қамтамасыз етпек.

Мұндай жетістікке Алматыдағы "Көк төбе" телемұнарасын қайта жарақтандырудан кейін қол жетті. Қазір заманауи құрылғылармен жабдықталған 356 станса жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, тұтынушылар қазақстандық 30 телеарнаны тегін көріп отыр. Бүгін бұл қызмет түрін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары толықтай пайдалануда.

"Ең бастысы Каzsат-3 отандық жер серігіне ауыстық. Еліміздің түкпір-түкпірінен 1,2 млн абонент қосып алдық. Үлкен жобамыз – цифрлық эфирлік теледидарлық стансаларын іске қосу, одан сайын арттыру", – деді "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдын Бәжікеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу