Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі үкіметтік комиссияның қорытынды отырысында қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жылға арналған басымдықтар талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Ауылдық округтердегі жайылым тапшылығын азайтуға басты назар аударылатын болады.
2022 жылдан бастап мемлекет меншігіне 10 млн га проблемалық ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды. Сондай-ақ жер иелерінің өздері бұрын пайдаланылмай жатқан 3,4 млн га жерді игеруге кірісті. Жергілікті фермерлер арасында 2,8 млн га жер қайта бөлінді. Жердің тозу проблемаларын шешу үшін "ГИПРОЗЕМ" РМК топырақ қызметі құрылды.
Комиссия отырысында АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің орналасқан жерлері мен аудандары көрсетілген "Jerkarta.gharysh.kz" интерактивті картасы іске қосылғанын хабарлады. Онлайн қызмет көрсету және жер учаскелерін беру рәсімін автоматтандыру үшін ЖМБМК АЖ іске қосылды. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскелерін берудің электрондық тәртібі заңнамалық түрде енгізілді. Цифрлық ауыл шаруашылығы карталары жасалуда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 145 млн мың га ауыл шаруашылығы жерлері цифрландырылды, бұл еліміздің ауыл шаруашылығы алып отырған алқаптың 77%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруды толығымен 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Үкімет пен өңірлер, жұршылықтың қатысуымен жер ресурстарын ұтымды пайдалану, қайтарылған жерлерді әділ бөлу және ауылдық елді мекендердің айналасындағы жайылым тапшылығын төмендетумен айналысатын болады.
"ЖМБМК жүйесі пайдаланушылар тарапынан көптеген наразылық тудырады, жер учаскелерін жедел және ашық бөлуді қамтамасыз ету үшін оны сапалы пысықтау қажет. Екінші мәселе – бүгінде мемлекетке қайтарылған 10 млн га жерді бөлу саясаты қандай? 2 млн га жер бөлінді, олардың әділ бөлінуіне және жаңа пайдаланушыларға кім бақылау жасайды? Қайтарылған жерлердің негізгі көлемін жайылымдар құрайды. Парламент Сенатындағы “Жайылымдар туралы” заң жобасының негізінде АШМ тиімді пайдалану үшін осы жерлерді бөлу және пайдалану, оларды суармалы егістік, жайылымдық жерлерге әртараптандыру және т.б. әдіснамасын әзірлеуі қажет", — деп түйіндеді Серік Жұманғарин.