2026 жылы БҰҰ аясында Қазақстанда өтетін Аймақтық климаттық саммитке қатысуға шақырамыз – Тоқаев

461

Мемлекет басшысы кездесу қатысушыларына жуырда германиялық HMS Bergbau компаниясының басшылығымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және алдағы уақытта литий өңдеу кешенін салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені жөнінде мәлімет берді. Инвестиция көлемі – 500 миллион доллар  

2026 жылы БҰҰ аясында Қазақстанда өтетін Аймақтық климаттық саммитке қатысуға шақырамыз – Тоқаев Фото: akorda.kz

Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығымыз да мүлде жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Linde компаниясының карбамид өндірісіне арналған газды толық өңдеу жобасын жүзеге асыру бұл іске тың серпін береді. Инвестицияның жалпы көлемі 1,4 миллиард теңгеге бағаланып отыр, – деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, көмірсутегі шикізатын жеткізу, жаһандық азық-түлік  қауіпсіздігін күшейту, көлік-транзит және қаржы салаларындағы кооперация өзара қарым-қатынастың басқа да басым бағыттарының қатарына кіреді.

Президент кездесуге қатысушылардың назарын орнықты даму және жасыл экономика салаларында бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына аударды.

Қазақстан аймақтық климат мәселесін ілгерілетуге жан-жақты атсалысуға дайын. Біз неміс серіктестерімізді 2026 жылы БҰҰ аясында Қазақстанда өтетін Аймақтық климаттық саммитке қатысуға шақырамыз. Біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде міндеттеме алдық. Алайда ол үшін бізге экономиканы айтарлықтай жаңғыртып, "жасыл" технологияға 600 миллиард доллардан астам инвестиция тарту қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзінің соңында аталған кездесудің қорытындысы Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетіне сенім білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу