281 отбасы баспаналы болды

1524

"Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында ТҚЖБ 4 875 өтінім қабылдады. 

281 отбасы баспаналы болды

"Бақытты отбасы" бағдарламасына Нұр-Сұлтан (829 өтінім), Алматы (640 өтінім) және Ақтөбе (555 өтінім) облыстарының тұрғындары белсене қатысуда. Бұл туралы Елорда Инфо Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бүгінде қабылданған өтінімдердің 2 200-і бойынша 23,1 млрд теңге сомасына несие беру жөнінде оң шешім шықты. Қазіргі сәтте осы отбасылар өздерінің болашақ пәтерлерін іздестіру үстінде. Бұл үшін оларға 3 ай уақыт беріледі.

Пәтерді жаңа салынған немесе қолданыстағы үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ жер үй алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тұрғын үйді салымшы өзі әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады.

Жалпы, ең көп баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлағандар – Нұр-Сұлтан (73 займ берілді), Алматы (56 займ берілді) және Жамбыл (39 займ берілді) облыстарының тұрғындары.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылдан бастап жыл сайын 10 мың отбасы "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы баспаналы болатынын мәлімдеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу