300 мың қазақстандық психиатрдың есебінде тұр

679

10 қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні болып табылады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

300 мың қазақстандық психиатрдың есебінде тұр

Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен белгіленді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикада 300 323 науқас бақылауда. 2021 жылы психикалық ауытқулары бар 9 918 науқас және нашақорлықпен 13 361 науқас тіркелді.

Психикалық денсаулыққа байланысты кемсітушілік ауытқулары бар адамдардың қоғамның толық мүшесі ретінде өмір сүруіне кедергі болып табылады. Бұл шектеулермен олар мектептерде, жұмыс орындарында, мемлекеттік мекемелерде, денсаулық сақтау мекемелерінде ұшырасады.

Мұны жеңудің ең тиімді жолы психикалық денсаулық туралы білімді арттыратын заманауи бағдарламаларды енгізу болып табылады.

Психикалық денсаулық саласындағы мамандандырылған көмекті 2 республикалық, 17 облыстық орталық (облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда бір-бірден), 83 бастапқы психикалық денсаулық орталығы (қалалық емханаларда), 192 кабинет (аудандық емханаларда) көрсетеді.

Биыл елімізде MhGAP бағдарламасы (психиатриялық емес мамандардың психикалық және нашақорлық саласындағы сауаттылығын арттыру), жүзеге асырылуда. Виртуалды психикалық денсаулық байланыс орталығын құру және ДДҰ Дестигматизациялау бағдарламасын енгізу жоспарлануда.

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнінің басты мақсаты – әр адамға психикалық денсаулық мәселелері туралы еске салу және қоғамды осыны қолдауға жұмылдыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу