339 млрд теңгенің құрылыс материалы сырттан тасымалданып жатыр –Қайырбек Өскенбаев

875

Құрылыс материалдары импортының үлесі 54%-ға қысқартылады. 

339 млрд теңгенің құрылыс материалы сырттан тасымалданып жатыр –Қайырбек Өскенбаев

Отандық құрылыс индустриясын қолдауға ерекше басымдық беріледі. Үкімет отырында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев осылай деді. 

Оның сөзінше, бүгінгі таңда құрылыс өнімдері нарығында негізгі материалдарға деген сұраныстың жалпы құны 669 млрд теңгені құрайды.  

"330 млрд теңгенің құрылыс материалы өзімізде өндіріліп, 339 млрд теңгенің материалы сырттан тасымалданып жатыр. Импортты алмастыру үшін 33 жаңа жоба қолға алынды. Барлық жоба жүзеге асқанда құрылыс материалдары импортының үлесі 54 %-ға төмендейді", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу