Жамбыл облысында алкаголь өнімдерін заңсыз дайындап, сататын цехты анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь өнімі, 36 мыңнан астам бөтелке арақ, жалған есеп-бақылау маркалары, қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тәркіленген.
"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу