5G алдымен республикалық маңызы бар қалаларда пайда болады

1011

2023 жылдан бастап еліміздің барлық облыс орталықтарында 5G енгізу жұмыстары жүргізіледі.

5G алдымен республикалық маңызы бар қалаларда пайда болады

5G технологиясын енгізу үшін қажетті инвестициялар көлемі үлкен болғандықтан, бірінші кезеңде бұл технологияны енгізуді республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

2021 жылдың аяғына дейін Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университеті мен ЭКСПО-да енгізу жоспарлануда. Ал 2022 жылы әуежай мен вокзалда, ірі сауда орындары мен алаңдарда 5G технологиясы пайда болады. Одан әрі 2023 жылдан бастап еліміздің барлық облыс орталықтарында 5G енгізу жұмыстары жүргізіледі.

Осылайша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы тұрғындарының 97 %-ы кең жолақты Интернет желісімен қамтылатын болады. Тұрғындардың қалған 3%-ы үшін жерсеріктік технологияны қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

"Интернет желісіне қолжетімділікті ауылдық елді мекендерде арттыру, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша электрондық денсаулық сақтау, электрондық қызмет көрсету және басқа жобаларды іске асырудың негізгі элементі болып табылады. Бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартуға ықпал етеді. Ал тұрғындарға цифрлық технологияларды толыққанды қолдануға мүмкіндік беріп, Қазақстан экономикасының дамуына өз ықпалын тигізетін болады",– деп түйіндеді Асқар Жұмағалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу