6 айда қазақстандықтар дүкендер мен базарларда 5,3 трлн теңге қалдырған

849

Бөлшек сауда көлемінің нақты өсімі – 8%. 

6 айда қазақстандықтар дүкендер мен базарларда 5,3 трлн теңге қалдырған

2021 жылғы бірінші жартыжылдықтың еліміздегі бөлшек сауда көлемі 5,3 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен 15,9% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Саладағы нақты өсім – 7,6%. 

3,4 трлн теңге шағын бизнес, оның ішінде 1,7 трлн теңге нарықта сауда жасайтындар мен жеке кәсіпкерлер үлесінде. Тағы 1,3 трлн теңгені ірі бизнес, ал 644,2 млрд теңгені орта бизнес есебінен түсті.

Бөлшек сауданың жалпы көлемінде 3,5 трлн теңге азық-түлік емес тауарлары, 1,9 трлн теңге азық-түлік өнімдеріне тиесілі болды.

Өткен жылғы бірінші жартыжылдықта бөлшек сауда көлемі 4,6 трлн теңге еді. Бір жылда минус 6,7%.

Бөлшек саудадағы барлық көлемнің үштен бір бөлігі Алматыға тиесілі:
1,7 трлн теңге. Өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 24,3% артық. Нақты мәндегі өсім – 15,9%.

Үздік үштікке елорда (609,1 млрд теңге, нақты мәнде бір жылда плюс 6,9%) және Шығыс Қазақстан облысы (486,4 млрд теңге, бір жылда плюс 5,2%) енді.

Сонымен қатар бөлшек сауда көлемінің ең үлкен жылдық өсімі Маңғыстау облысында (10,1%, 96,4 млрд теңге) және Шымкентте (9,6%, 198,5 млрд теңге) тіркелді.

2020 жылы бөлшек сауда көлемі 11,7 трлн теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 3,6% артық. Оның ішінде 35% немесе 4,1 трлн теңге азық-түлік тауарларының үлесінде.

Азық-түлік тауарлары сегментіндегі бөлшек сауданың басым бөлігі
ішімдіктерге, оның ішінде алкогольге (681,9 млрд тг), етке (624,7 млрд тг), сүт өнімдері мен жұмыртқаға (495,7 млрд тг) тиесілі.

Азық-түлік емес тауарлары бөлшек сауданың жалпы көлемі – 7,6 трлн теңге немесе 65%. Өткен жылмен салыстырғанда 1,8% аз. Мұнда Мұнда ең көп сома киімге (891,1 млрд теңге), жаңа жеңіл автомобильдерге (634,2 млрд теңге) және тұрмыстық (электр) құралдарға (496,8 млрд теңге) тиесілі болды.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу