6 қызғалдақ жұламын деп қылмысты болды

1295

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

6 қызғалдақ жұламын деп қылмысты болды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында полицейлер қызыл кітапқа енгізілген "Грейг" қызғалдағының 6 данасын жұлған азаматты анықтады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы полиция капитаны Алмас Серіков пен учаскелік полиция инспекторлары анықтаған. Олар Ақбастау ауылына қарасты жайылымдық алқаптан қолына бірнеше қызғалдақ алып жүрген ер адамды байқап қалған. Тексеру барысында ер адамның қолындағы гүлдер "Қызыл кітапқа" енгізілген гүлдер екені анықталған.

"Қазіргі уақытта осы жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу