6 мыңнан астам телесабаққа 600 млн теңге бөлінді

753

Бірыңғай білім беру платформасы жасалып жатыр.  

6 мыңнан астам телесабаққа 600 млн теңге бөлінді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, отандық білім жүйесінде онлайн білім беретін 8 платформа бар. Қазір олар  бір-бірімен бәсекелесіп, мүмкіндіктерін арттыруда. Ал министрлік Президенттің бірыңғай білім беру платформасын жасау туралы тапсырмасымен айналысып жатыр. 

"VI тоқсандағы онлайн оқыту үдерісінде жекеменшік компаниялар сабақты тегін өткізді. Республикалық бюджеттен ақша жұмсалған жоқ.  1 қыркүйектен бастап телеарналардан көрсетіліп жатқан дәрістерге ақша бөлінді. Барлық сабақты "Хабар" агенттігі түсірді. Қазір бейнесабақ "Еларна", "Балапан" телеарналарынан көрсетіліп жатыр. 6 мыңнан астам телесабаққа 600 млн теңге бөлінді", – деді Асхат Аймағамбетов Atameken Business телеарнасының Exclusive бағдарламасына берген сұхбатында. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу