Халыққа "7-20-25" бағдарламасымен үй алуға жаңа мүмкіндік ашылды

687

Баспана сатып алуға арналған лимиттер ұлғайтылды.  

Халыққа "7-20-25" бағдарламасымен үй алуға жаңа мүмкіндік ашылды Фото: smartnews.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу Бағдарламасын бекіту туралы" қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өзгертулер мен толықтырулар Ұлттық Банктің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі №59 Басқарма қаулысымен енгізіледі.

 Онда:

  • Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құнын 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін көтеру;
  • Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін көтеру;
  • Басқа өңірлерден 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтеру көзделеді;
  • Қарыз алушыларға төлем қабілетін растау үшін тең қарыз алушыны (тең қарыз алушыларды) ғана емес, кепілгерді де тартуға мүмкіндік беріледі.

Қаулыға сәйкес, кредиттік өтінімді қарау кезінде қарыз алушының кірісі тоқтаусыз жүргені маңызды шарт болады.

Бұл нормалар тұрғын үйдің қолжетімді болу мүмкіндерін кеңейтіп, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының икемділігі мен қолжетімділігін арттыру үшін енгізіліп отыр.

Қаулымен қамтылмаған ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлерi мен Бағдарламаның талаптары өзгерiссiз қалады.

"7-20-25" бағдарламасы 2018 жылы іске қосылды. Мақсат – 20%-дан басталатын бастапқы жарнасы бар жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзімге жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлемесімен қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету.

ҰБ мәліметінше, 2025 жылғы 2 қазанға дейін осы бағдарлама аясында 1 трлн 149 млрд 7 млн теңгеге қарыз берілді. 81 886 адам жеңілдігі бар ипотека алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу