7 млн қазақстандық ипотека рәсімдей алмай қалуы мүмкін

1095

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың айтуынша, мемлекеттік органдар басталған бағдарламаларды бақылауға ала алмай отыр.

7 млн қазақстандық ипотека рәсімдей алмай қалуы мүмкін

Миллионнан астам қазақстандық ипотекаға баспана ала алмай қалуы мүмкін. Себебі көбінің кредиттік жағдайы бұзылған. Бұл туралы мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко мәлімдеді.

Еске салсақ, жуырда ғана "биліктің жасап жатқан жақсылығы үшін халық тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек" деп, қалың елді бір "толқытып" алған Божко мырза бұл жолы халықтың мұңын жеткізуге тырысты. Оның пайымдауынша, мемлекеттік органдар басталған бағдарламаларды бақылауға ала алмай отырған көрінеді.

Жыл басынан бері 73 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсеткен. Соның 27 мыңына жәрдемақы беру тоқтатылған. Мұның зардабын көмекке шынымен зәру жандар тартып отыр деді, мәжіліс спикерінің орынбасары.

Сондай-ақ депутаттар аз қамтылғандарға арналған "Бақытты отбасы" бағдарламасын да сынға алды. Бұл жөнінде Atameken Business тілшісі Жалғас Зейнолла баяндайды:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу