Абайдың "Қара сөздеріне" негізделген деректі фильм сапалы болады – Ақтоты Райымқұлова

674

Туындының премьерасы екінші жартыжылдыққа жоспарланған.  

Абайдың "Қара сөздеріне" негізделген деректі фильм сапалы болады – Ақтоты Райымқұлова

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова отандық киноиндустрияның тыныс-тіршілігі жайлы мәлімдеме жасады.

"Өздеріңіз білесіздер, жыл сайын сценарийлер конкурсы өткізіледі. Биыл да сценарийлер конкурсы өтіп, түрлі жанрдағы, ұзақтығы әртүрлі фильмдерге, деректі фильмдерге, қысқаметражды фильмдерге қатысты бірнеше жоба ұсынылды. Нәтижесінде Абайдың "Қара сөздеріне" негізделген деректі фильм жобасы іріктеп алынып, қолдау білдірілді. Ол сапалы жоба болатынына сенім артамыз", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің мәлімдеуінше, туындының премьерасы 2020 жылдың екінші жартыжылдығында болады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу