Абайлаңыз, мұз жұқа!

1581

Атырауда Жайыққа екі автокөлік батып кетті.

Абайлаңыз, мұз жұқа!

Күннің жылып, мұздың ери бастауына байланысты Жайық өзенінің үстімен қатынауға тиым салынды. Алайда, жаяу жүргіншіден бөлек, өзенді көлікпен кесіп өтем дейтін көзсіз жүргізушілер жыл сайын кездесіп тұрады. Оларды бұған дейінгі көліктің немесе кісінің суға батып кеткен қайғылы оқиғалары ойландырар емес, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Тек қана наурыз айында Махамбет ауданында осындай екі жағдай болды. Оның біріншісінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне  Жалғансай ауылының тұсында Жайық өзеніне "Лада Гранта" автокөлігінің батып кеткені жөнінде хабарланады. Тұрғындар Жайықтың арғы бетіне өтіп кеткен малын іздеу үшін машинамен мұз арқылы өтпек болыпты. Орта тұсқа келгенде мұз ойылып кетеді. Құтқарушылар батып бара жатқан автокөліктін артқы парковына тросс байлап, әрі қарай батып кетпеуін қадағалап тұрады да, ауыл тұрғындары мұзды жеке құралдарымен ойып, трактормен жағаға сүйреп шығарады.

Араға бірнеше күн салып тура осында жағдайда "Нива Шевролет" көлігі суға батып кеткен. Абырой болғанда, жүргізуші көлігінен шығып үлгеріп, аман қалады. Оқиға орнына Атырау қаласынан жеткен жедел құтқару жасағының үш сүңгуір-құтқарушысы су астында арқандарды  көлікке бекітіп, трактормен жағаға сүйреп шығарады.

Қазіргі күні су айдындарында балық аулап отырған балықшыларды көптеп кездестіруге болады. "Мұз бетінде балық аулағанда немесе мұздан өткенде ең алдымен оның қалыңдығын тексерген жөн. Мұздың қалыңдығы барлық жерде бірқалыпты бола бермейді. Қатты мұз көкшіл немесе жасылдау түстес түйіршіксіз болады. Ал, осал мұз мөлдір ашық түстес болып келеді", - деп олардың да сақтық шараларын сақтауын ескертеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу