Абдолла Арипов Өзбекстан үкіметін басқарады

969

Абдолла Арипов Өзбекстан үкіметін басқарады

14 желтоқсанда Өзбекстанның Олий Мәжілісінің бірлескен отырысында депутаттар Өзбекстан президенті ұсынған Абдолла Ариповтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды "Газета.uz".

55 жастағы Абдолла Арипов 2002-2012 жылдар аралығында, 10 жылдан астам уақыт бойы вице-премьер болып қызмет етті. Сонымен қатар 2005-2009 жылдары Өзбекстанның байланыс және ақпараттандыру агенттігінің басшысы лауазымын қоса атқарған болатын.

Биылғы жылғы қыркүйекте Абдолла Арипов қайтадан премьер-министрдің орынбасары және  жастар саясаты, мәдениет, ақпараттық жүйе және телекоммуникация мәселелері жөніндегі кешеннің басшысы болып тағайындалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу