Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртін сынға алған Билли Джо Сондерске жауап қатты.
Сондерс "GGG is a pussy borat unification with Saunders" (GGG қорқақ Борат. Сондерспен жекпе-жекке шық) деп жазылған жейде киіп, Головкинді кемсітті. Іле-шала Абель Санчес оған жауап берді.
"Сондерс Головкинмен жекпе-жек өткізуге дайын-мыс. Головкин Сондерсті талай рет жекпе-жекке шақырғанда қайда қалды?!", – дейді Абель Санчес.
Badlefthook.com басылымы Сондерстің бұл әрекеті Головкинді келісімшартқа тезірек қол қоюға итермелейді, ал бұл Сондерске ауыр тиетінін айтады.
Естеріңізде болса, Астана әкімдігінің өкілі Головкин – Сондерс жекпе-жегі 17 маусым күні Астанада өтетінін айтқан еді. Артынша Головкиннің командасы бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеді.