Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбілхан Аманқұл жарақатына байланысты биылғы әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы Президент кубогі қарсаңында Әбілхан жарақат алған болатын.
"Президент кубогі басталар алдында жарақаттанып қалдым. Жаттығу кезінде соңғы жұпта жұдырықтасқан едім. Осылайша, еліміздегі ірі турнирден сырт қалдым. Дегенмен, бабыма келу үшін қатты ұзақ уақыт кетпейді. Таразда емделдік, енді Алматыда жалғастырамыз. Қыркүйекте өтетін әлем чемпионатына дейін қалпыма келіп үлгермеймін. Ал қаңтарда басталатын лицензиялық турнирге дейін бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Лицензиялық турнир қарсаңында команда ішінде тағы да іріктеу өтеді. Соған дайындаламын", – дейді Әбілхан.