Францияда Мұхтар Әблязовқа Қазақстанда қозғалған іс бойынша 7,5 млрд доллар жымқырды деген айып тағылды. Қазір ол соттың бақылауында. Бұл туралы банкирдің адвокаты Жерар Чолакян мәлім етті.
Адвокаттың айтуынша, оған "ауырлататын жағдайда сенімге қиянат жасады" және "ақша жылыстатты" деген кінә тағылған. Сонымен қатар ол Париж прокуратурасына шағымның Қазақстаннан келіп түскенін мәлім етті.
Мұхтар Әблязов 5 қазанда қамауға алынып, екі күн түрмеде болғанын жариялаған еді. БАҚ дерегі бойынша, банкир қазір бостандықта жүр, бірақ соттың бақылауында.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу