Аграрлық сала: "Осы уақытқа дейін біздің ғалымдарда тұрақты айлық болған жоқ"

749

Елімізде аграрлық сала дамып жатыр ма? Ғылыми дәрежесі бар мамандардың "қартайып" жатқаны рас па? Бұл сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство өкілдері жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.  

Аграрлық сала: "Осы уақытқа дейін біздің ғалымдарда тұрақты айлық болған жоқ"

"Айтылып жатқан мәселенің орны бар. Бізде жас мамандардың шығуы азайып бара жатыр. Жас мамандардың көбісі техникалық және т.б. мамандықтарға кетіп жатыр. Бірақ соңғы жылдары біз бұл мәселені қолға алдық. Ұлттық аграрлық ғылыми оқыту орталығымен байланыса отырып, құрамына кіретін 3 үлкен аграрлық университет бар. Сол университеттің төңірегінде ғылыми дәрежеге көтерілетін мамандарды дайындау жұмыстары басталды", - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов. 

Ал, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ төрағасы Дархан Балпановтың айтуынша, алдымен заңнамалық тұрғыдан өзгерістер енгізу қажет. 

"Бізде ғылым заңына өзгерістер енгізу жоспары бар. Шынын айтқанда, осы уақытқа дейін біздің ғалымдарда тұрақты айлық болған жоқ. Сондықтан да біздің қазіргі ұсыныстарымыздың бірі – аграрлық саладағы ғалымдардың айлық мәселесін шешу. Екінші мәселе – жергілікті ғылыми-зерттеу институттарының бәрі еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан. Ол қалалардың ішінде ғана емес, ауылдарда да бар. Оларға ғылыми тапсырма керек. Ғылыми зерттеу институттарда бұрынғыдай ғалымдарымызды дайындау мәселесі де қарастырылып отыр", - деді "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ төрағасы Дархан Балпанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу