Airbus пен Ноттингем университетінің инженерлері White Lightning деп аталатын электрлі жарыс ұшағын халық назарына ұсынды. Оның жылдамдығы шамамен сағатына 483 шақырымға дейін, ал ұшу биіктігі 10 метрге дейін жетеді.
Ноттингем университеті аппаратты келесі жылға белгіленген ең алғашқы электрлі ұшақтар жарысы үшін 2018 жылдан бері жасап келген. Мұндай додаға сегіз ұшақ қатысады деп күтілуде.
White Lightning жылдамдықты сағатына 500 шақырымға дейін жүйіткіте алатын электрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Дегенмен батареяның қуаты небәрі 5 минутқа дейін жетеді. Ал егер ол баяу қозғалса, ұшу ұзақтығын 10 минутқа шейін көбейтуге болады.
Аппарат кабинасы тек бір адамға, яғни ұшқышқа арналған. Әзірге жобаның авторлары басқа техникалық сипаттамалары туралы ақпарат жарияламады. Айта кетейік, электрлі ұшақтардың жарысы 2020 жылы өткізілмек.
Табиғат Нұрболат