Айдос Хамиев Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

1027

Жаңа әкім қала әкімдігінің құрамына кіретін қызметкерлерді тағайындай бастады.  

Айдос Хамиев Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды Фото: facebook/tupkaraganakimdigi

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне 37 жасар Айдос Хамиев тағайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

1985 жылы дүниеге келген Айдос Хамиев Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін азаматтық, өнеркәсіптік құрылыс және қала шаруашылығы мамандығы бойынша аяқтап, жоғары білім алды.

Еңбек жолын "Бисентин" ЖШС құрылыс уческесінің мастері, жұмыс өңдірушісі болып бастаған шенеунік 2008-2015 жылдар аралығында Маңғыстау облысының мемлекеттік құрылыс инспекторы, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Жамбыл және Ақмола облыстарының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметтерін де атқарған.

2015-2021 жылдар аралығында Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі, Маңғыстау облысының құрылыс және энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармаларында жетекшілік еткен.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін "Астана қаласының құрылыс басқармасы" ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу