Ақ үй ресми Теһранның мұнай кірісін азайтпақ

964

АҚШ Иранға алғаш рет санкцияны 1979 жылы көтерілістен кейін енгізген болатын. Содан бері ол толықтырылып, түзетіліп отырды. 

Ақ үй ресми Теһранның мұнай кірісін азайтпақ

Ақ үй Иранға қарсы санкциялар арқылы Теһранның мұнайдан алатын кірісін азайтуды көздеп отыр. Бірақ шектеу шараларының әлемдік нарыққа кері әсерін болдырмауға күш салады. Бұл туралы АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі Брайан Хук мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының екінші бөлігі күшіне енді. Шектеу шаралары энергетика саласына, мұнай-сауда келісімдеріне, Орталық банктің қаржы операцияларына, кеме жасап шығару өндірісіне қарсы бағытталған.

Ресми Теһран Вашингтонның әрекетін әлем елдері айыптап отыр деп АҚШ қысымына қарсы күресе беретінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу