Әкімдердің рейтингі жолдардың сапасына қарай бағаланады

389

Бағалау қорытындысы алдағы уақытта Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитетіне жіберіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдердің рейтингі жолдардың сапасына қарай бағаланады Фото: Т. Әділ

Мамандардың айтуынша, бағалау 8 өлшемшарт бойынша сараланады. Әкімдердің жол құрылысы жобаларын қаржыландыруы, автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық күйдегі үлесін арттыруы, ұлттық жол сапа орталығы тарапынан берілген  ескертулер мен жолдарды тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер мен ақауларды жоюға қатысты әкімдіктерге жолданған қызметтік хаттарға жауап қайтаруы, уәкілетті мекемемен кері байланысқа шығу белсенділігі секілді өлшемшарттар бар. 

Осы мақсатта жол құрылысымен айналысып жатқан жобалаушы мекемелердің, ауыл-аудан және қала әкімдіктерінің өкілдері арнайы оқытудан өтуде.

"Мұндағы мақсат - автожолдардың құрылысымен айналысатын мердігер компаниялар, жобалаушы мекемелер мен олардың қызметіне тапсырыс беруші жергілікті әкімдіктердің қызметкерлеріне жол саласына енгізілген өзгерістерді, жаңа технологиялар жайлы айтып түсіндіру. Бір жаңалық - биылдан бастап елімізде әкімдердің рейтингі жолдардың сапасына қарай жасалатын болды. Осы тұрғыдан 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав Үкіметке тапсырма жүктеген болатын. Соған сәйкес өткен жылы сала министрлігінде белгілі бір методика жасақталды. Соның аясында қазір бағалау жұмыстары жүріп жатыр" - дейді “ЖАҰСО” РМК сапаны бақылау департаментінің бөлім бастығы Серік Арон.

Қазіргі уақытта елімізде автомобиль жолдарын паспорттауға басымдылық берілуде. Ұлттық орталық мамандары 2023 жылы жол саласында орын алған ақаулықтардың биыл қайталанбауын ескертуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу