Мемлекет басшысының азаматтарға олардың қауіпсіздігі үшін қызмет көрсету және кері байланысты ұйымдастыру тапсырмасы аясында ІІМ полицияның халықпен жұмысының бағытына алдын ала елеулі өзгерістерді көздейтін жаңа жұмыс моделіне көшеді, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Министр Е. Тұрғымбаевтың бастамасымен қолға алынған "Жолда қабылдау" ай сайынғы акциясы бар. Акция аясында азаматтар көшелерде, алаңдар мен аулаларда және сауда орталықтарында полиция бөлімдерінің, әкімшілік және көші-қон қызметтерінің бастықтарынан кәсіби кеңестер мен өзге де көмектер алды.
"Жолда қабылдау" акциясының сәуірден қыркүйекке дейінгі алты кезеңі ішінде қалалар мен ауылдардың тұрғындар мейлінше көп шоғырланған орындарына орналасқан 5 мың мобилді полиция пункттерінде 120 мың азаматтың өтініштері зерделенді. Бұған қосымша телефонның "қауырт желісі" (2,5 мыңнан астам) және әлеуметтік желілер арқылы өтініштер қабылдау ұйымдастырылды.
Бөлімше басшылары алдын ала жазылусыз және бюрократиясыз "кабинеттен тыс" азаматтарды қабылдауды жүргізді, ал адамдар өз проблемаларын формалды емес жағдайда жедел шешуге мүмкіндік алды. Бұл, әрине, полицияның "әріптестік" қарым-қатынасын, сондай-ақ халықпен "кері байланысын" нығайтуға ықпал етті. Акция маусым айынан бастап екі форматта: тікелей "Жолда қабылдау" және көп пәтерлі үйлер мен тұрғын-үй кешендерінің аулаларында ұйымдастырылған "Аулада қабылдау" азаматтарды мобилді қабылдау түрінде жүргізілді.
"Аулада қабылдау" шеңберінде азаматтардың өтініштері қаралып, ПИК төрағалары, тұрғын-үй инспекциясы және әкімшілік қызметкерлерін тарта отырып, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың бастықтары тарапынан кеңестер берілді.