Ақмола облысында осы көктемде жалпы 4,9 млн гектар жерге егін егіледі. Оның басым бөлігі дәнді дақыл болмақ, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Биыл бұл аймақта 4 млн 889 мың гектар жерге жаздық егіс егу жоспарлануда.
Егіс алқабының басым бөлігіне – 4 млн 438 мың гектар немесе 91%-ына дәнді-бұршақты және дәнді дақылды тұқым себіледі. Оның 3 млн 734 мың гектарына немесе егіс алқабының барлық көлемінің 77%-на жаздық бидай егіледі. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 150 мың гектарға артық.
700 мың гектардан астам жерге арпа, сұлы, жасымық және бұршақ егу жоспарланып отыр. Сондай-ақ тары, қарақұмық пен ноқат өсіріледі.
Майлы дақылдарды 254 мың гектарға (2019 жылға қарағанда 600-ге артық), ағымдағы жылдың азықтық шөптерін 181 мың гектарға (3 мыңға жуық артық) орналастыру жоспарлануда, картоп және көкөніс алқабын 2 мың гектарға – 20 мыңға дейін кеңейтеді.
Облыста егіс науқанына дайындық белсенді жүргізілуде. Өңірде 530 мың тонна тұқым себілген. Бүгінгі күні аккредиттелген зертханаларда 425 мың тонна тұқым тексерілді.
2020 жылдың егіс науқанында 14,3 мыңнан астам трактор, 16,1 мың тұқым сепкіш және 1,2 мың бірлік өнімділігі жоғары егіс кешендері жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта техника 100% дайын.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облысының аграрларына 74 мың тонна дизель отыны, 7,6 мың тонна бензин және 4,1 мың тонна дизель майы қажет.
ҚР Үкіметі Ақмола өңірі үшін 68 мың тонна кепілді дизель отынын бөлді. Оның ішінде Павлодар МХЗ-дан – 30 мың тонна, Шымкент мұнай зауытынан – 32 мың тонна және Атырау МӨЗ-ден - 6 мың тонна беріледі.