Ақмола облысында боран салдарынан 60-қа жуық көлік қаңтарылып тұр

776

Ақмола облысында  боран салдарынан  60-қа жуық көлік қаңтарылып тұр

Бүгін таңертеңгі сағат 8.00-де Ақмола облысының барлық күрежолдары ашылды. Кеше кешкісін қатты  боранға байланысты барлық көлік түрі үшін жол жабылған болатын. Дегенмен "Қазавтожол" АҚ облыстық филиалының хабарлауынша, өткен күннің кешінде сағат 10.30-да Астана-Щучье автожолының 97-шақырымы – Ақкөл ауданы маңында жолдың жабылуына байланысты 44 көлік іркілген. Оның – 36-сы жеңіл, 8-і – жүк көлігі. Оларда жалпы саны  81 адам болған. Алтауы – кішкентай бала.

Көліктер қаңтарылған тұста  төтенше жағдайлар, жергілікті полиция, жол-патрульдік қызметтерінің  мамандары түсінік жұмыстарын жүргізді. Кешкі 23.00-де барлық көлік құралдары аудан орталығы – Ақкөл  қаласына бағыт алып, онда  жылыту орындарына орналастырылды. 

Ақкөл аудандық әкімдігі ыстық аспен қамтамасыз етті. Сондай-ақ дәл осындай жағдай Атбасар ауданында да болды.  Кешқұрым, сағат 18:15 шамасында  Атбасар-Көкшетау бағытында жол жабылып, соған байланысты  12 көлік: оның  10-ы – жеңіл, 2-еуі – жүк көлігі іркілді. Аталған көліктердегі 17 адам Атбасар қаласында ұйымдастырылған жылыту орындарына орнастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу