Ақмола облысында көктайғақта жол апатынан бір адам көз жұмды

975

Ақмола облысында көктайғақта жол апатынан бір адам көз жұмды

Ақмола облысында Степногор қаласына жақын маңда екі көлік соқтығысып, осының салдарынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы  өңірдің ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлайды.

Полицияның дерегінше, 12 желтоқсанда Степногор маңында Заводской ауылына жақын тас жолда көктайғақтың және оған қоса жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан Nissan Almera автокөлігі "УАЗ-Патриот" көлігіне соғылған.   

"Жол апаты салдарынан екі көлік жүргізушілері мен үш жолаушы Степногор ауруханасына жатқызылды. Медициналық мекемеде жасалған операциядан соң Nissan көлігінің 1986 жылы туылған жолаушысы көз жұмды", — деп мәлімдеді полиция.

Жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша (Жол қозғалысы ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу