Ақмола облысының 3 ауылында жаңа су тартқыш кешені салынды

919

Ақмола облысының 3 ауылында жаңа су тартқыш кешені салынды

Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылында орналасқан "Ормис Казахстан" ЖШС кәсіпорнының   жобалық қуттылығы жылына 7200 дана құрылыс материалын (СИП панель) шығаруға көзделген, бұл шамамен 10000 ш.м. тұрғын үйдің құрылысына жетеді.     

Өткен мерзімде кәсіпорын 670 млн теңгенің құрылыс бұйымдарын өндірген. Бүгінде бұл жерде 20 адам еңбек етеді. "Ормис Казахстан" ЖШС басшысы Ербол Қазбековтың айтуынша өндірістік цехтан басқа серіктестік туризмді дамытумен де айналысатын көрінеді, олардың 10 нөмірлік қонақ үйі, 100 адамдық банкет залы және ағаштан жасалған 12 қиман үйі бар, деп жазады облыс  әкімдігіне сілтеме жасаған strategy2050.kz.

Алда келе жатқан ҚР тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Аршалы ауданының үш бірдей елді мекені тазартылған ауыз сумен қамтылатын болды. Арнасай ауылында Аршалы кеніне дейін ұзындығы 22 шақырым болатын су тартқыш кешен желісін қайта жөндеу жобасы "Сапалы су" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Осының нәтижесінде мұнда 3 су тартқыш станция, 2 резервуар, су жинау және тазарту қондырғылары салынды. Енді 2500 абонент тазартылған ауыз суды пайдаланатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу