Ақмола полицейлері 800 көліктен құралған ірі кептелісті таратты

762

Ақмола полицейлері 800 көліктен құралған ірі кептелісті таратты

Астана-Щучье тас жолында 200 шақырымға дейін созылған көлік кептелісі болды, полицейлер үш колонна көліктерді межелеген жерлеріне дейін жеткізіп салды.

Астана-Щучье тас жолының жабылуынан Щучье және Ақкөл қалалары аумағында пайда болған көлік кептелісі таратылды. Бүгін барлық тас жолдар ашық деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Кешегі жағдай оңай болған жоқ. Астана-Щучье тас жолы телімі таңғы сағат 9.00-ден бастап жабық болды. Соның салдарынан Щучье және Ақкөл қалалары аумағында көлік кептелісі туындады. Барлығы 765 көлік жиналды", — деді департамент баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта көлік кептелісі таратылды, бүгін барлық тас жолдар ашық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу