Түркіменбашы портынан Қытайдың Циндао қаласына алғаш рет Ақтау порты арқылы полипропилен жеткізілді, деп хабарлайды "KTZ Express" АҚ баспасөз қызметі.
Алғашқы 48 қырық футтық полипропилен контейнерлері теңіз арқылы Түркменбашы портынан Ақтау портына 24 сағат ішінде жеткізілді. Одан әрі жүк Қытайға тасымалдау үшін Қазақстанның шекара маңындағы Алтынкөл станциясына жөнелтілді. 7500 км бағыты бар қашықтықты пойыз 10 күнде өтеді.
Осы пилоттық жөнелтудің оң тәжірибесі полипропиленді теңіз көлігімен жеткізу бойынша тұрақты сервиске бастау беруі мүмкін. Жөнелтуге қатысушылар бұл бағытты оңтайлы және экономикалық тиімді екенін, сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстан порттары арқылы жүк ағыны көлемін арттыруға серпін беретінін атап өтті.